20.05.2024

Петропавлда ағылшын тілі тегін оқытылады

Петропавлда ағылшын тілі курсына тыңдаушылар қабылданып жатыр. Тіл меңгеруді мақсат еткен қала тұрғындары ақпан айынан бастап білімдерін тегін жетілдіре алады, деп хабарлайды Қазбілім ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ағылшын тілі курсын СҚО әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастырып отыр. Мұндай курс былтыр да жұмыс істеген. 20 шақты адам жазылып, соның сегізі ғана соңына дейін оқыған. Мамандардың айтуынша, оған себеп – курстың тым ұзаққа, 8 айға созылуы.

«Биылғы ерекшелігі – оқу курсының қысқалығында. Тыңдаушылар 2,5 ай оқиды, яғни 40 сағатта ағылшын тілін қарапайым деңгейде біліп шығады. Мәскеу университетінің профессоры Д.Петровтың әдісін қолданамыз. Ол отыздан артық шет тілін біледі. Ғалымның айтуынша, кез келген тілді 16 сағатта меңгеріп шығуға»,- дейді «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының орынбасары Орал Жанатов.

Ағылшын тілі курсы жасы 18-ден асқан ересектерге арналған. Көбі жұмысбасты болғандықтан, оқу аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері кешкі сағат 18.30-да  басталады. Сабақ 80 минутқа шақталған. Әзірше тек 10 адам ғана оқуға тілек білдіріп, жазылыпты. Орталық жалпы жиырма адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Ал сәуір айының ортасынан бастап келесі топты қабылдап, базалық білім бермек.

Тілдерді оқыту орталығында қазақ тілін де тегін меңгеруге болады. Мамандардың айтуынша, былтыр петропавлдықтар тарапынан ағылшын тілін үйренуге сұраныс жоғары болса, биыл керісінше. Қазірдің өзінде 25 адам қазақ тілі курсына жазылып қойыпты.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА