08.05.2024

Балабақша бала тәрбиесінің іргетасы

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Кішкентай бүлдіршіндеріміз  ата — анасының, тәрбиешісінің, мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, айналасындағалардан үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге байланысты.

Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Ол ертеңгі болашақты ,келешек ұрпақ  иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.

«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығы айтқандай тағамның беріктігінен «Ақ Ерке »бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып биылғы жылдың жартысынан бастадым. Бұл балабақша көп жылдан бері жұмыс істеуде.
«Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасында жүз жиырма бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы бір жарым жастан алты жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық,  денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. «Ақ Ерке» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері әр мерекелік іс-шараларға, түрлі конкурсқа белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Соның ішінде кіші топ балалары конкурсқа сән көрсету қойылымына қатысады.
Балалардың ішінде әнші, биші, суретші балаларды байқауға болады.

Кішкентай балалар тәрбиешінің көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір — біріне көмектеседі, «рахмет, кешір» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ортада қарым — қатынастарын қалыптастырады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, достарына, үлкендерге қалай болса солай қарауға және де сөз қайтаруға мүмкіндік жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз тәрбиеленушілерімізге қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Топтағы ойыншықтарды жинағанан кейін  тобымыз  қандай сәнді болып қалды, бәрекелді! деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Топтасып жұмыс жасай білуді, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

 

Картаева Таншолопан Сериковна,
тәрбиеші, ЖШС «Ақ ерке
» балабақшасы,
Қарағанды қаласы

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА