-23 C
Нур-Султан
09.12.2021

Балаңыздың «көлеңкелі» балабақшаға барып жүргенін қалай білуге болады?

«Көлеңкедегі балабақша» атанып кеткен мектепке дейінгі ұйымдардан ата-аналар қалай сақтана алады? Бұл сұраққа Астана қалалық Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ләззат Оразбекова жауап берді,

«Кейбір ата-аналар білместіктен өзінің балаларын заңсыз жұмыс істеп жатқан балабақшаларға беріп жатады. Яғни, «көлеңкедегі» балабақша дегеніміз — заңсыз жұмыс жүргізіп жатқан балабақша.  Олар көп жағдайда санитарлық нормаларды сақтамай, балалардың қауіпсіздік нормаларын ескермей жұмыс істейді. Яғни, белгілі бір кәсіпкер ешқандай рұқсат құжатынсыз жеке балабақша ашады. Астана қаласында мұндай жағдай тіркелген. «Фантазима» атты балабақшаны бір кәсіпкер ашып, ата-аналардан ақша жинап алған. Кейін із-түзсіз кеткен», — дейді ол Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің кезекті отырысында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ләззат Оразбекова өз сөзінде Астана қаласында қанша балабақша заңсыз жұмыс істеп жатқаны туралы нақты мәлімет жоқтығын алға тартты.

«Себебі, олардың жұмысын тексеру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейді. Жергілікті атқарушы орган, яғни Астана қаласының әкімдігі заңды түрде жұмыс істеп жатқан балабақшалармен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда елордада мемлекеттік білім беру тапсырысын алып жатқан 190 жеке балабақша бар. 190 балабақша заңды түрде жұмыс істеп, әрдайым олардың жұмысы бақыланып отырады», — дейді білім басқармасының өкілі.

Оның айтуынша, заңды түрде жұмыс істеп жатқан мектепке дейінгі мекемелердің тізімін Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің сайтынан көруге болады.

«Астана қаласында жылына 20 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Жеті мыңнан астам бала миграцияға байланысты толығады. Сондықтан, қазіргі таңда 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мың бала кезекте тұр», — дейді Ләззат Оразбекова.

Бөлім басшысы сонымен бірге заңсыз жұмыс істеп жатқан балабақшаларды қалай анықтауға болатынын айтып берді.

«Ата-аналарға осы тұрғыда жиі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ең бастысы, Астана қаласының білім басқармасына хабарласа алады. Білім басқармасының Call-орталығына (50-80-15 нөмірі) хабарласса, жекеменшік балабақшаның құрылтайшысы кім, меңгерушісі кім, тіркелген бе, жоқ па, мемлекеттік тапсырыс ала ма деген сұрақтарды қойып, толық ақпарат ала алады. Сонымен бірге, Астана қаласының білім саласын бақылау департаментінің сайтына кіріп, сол жерден балабақшалар туралы егжей-тегжейлі білуге болады», — деді Ләззат Оразбекова.

Аян Бекенұлы

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...