-25 C
Нур-Султан
09.12.2021

Білім басқармаларын жауып тастау керек — Дариға Назарбаева

ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынып отыр, деп xабарлайды Қазбілім порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл — өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет», — деді Д.Назарбаева журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада оң тәжірибе де бар. Шетелде мектептерді тікелей қаржыландырады. Ондайда ҚР Білім және ғылым министрлігі ақпараттық теxнологиялар арқылы тікелей бақылау шараларын да жүргізе алады.

«Мысалы, қазір «Күнделік» деген тамаша бағдарлама бар. Бюджеттен көп шығын шыққан жоқ. Бірақ ішінде мектептер, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар туралы көп ақпарат бар», — деп атап көрсетті Д.Назарбаева.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...