26.04.2024

Жансая Әбдімәлік бірінші партияда 2015 жылғы әлем чемпионын жеңіп алды

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы шахматтан Әлем чемпионатына 18 жастағы қазақстандық Жансая Әбдімәлік қатысып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жансаяның ширек финалдағы қарсыласы — 2015 жылы әлемдік біріншілікте чемпион атанған украиналық Мария Музычук. Бірінші партияда Жансая күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді классикалық шахматтың екінші партиясы 13 қарашада болады. Егер есеп теңесетіндей болса, онда ертеңіне шахматшылар жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтайды.

Ширек финалдағы алғашқы партияларда ресейлік Екатерина Лагно Қытай өкілі Лэй Тинцзэні жеңді. Ал Анна Музычук (Украина) — Александра Костенюк (Ресей) және Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — Гулрухбегим Тохирджонова (Өзбекстан) кездесулерінде әзірге тең нәтиже тіркеліп отыр.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА