28.04.2024

Тендердің салдарынан тентіреген оқушылар

Талдықорғандағы №16 орта мектеп-гимназиясының оқушылары жаңа оқу жылын тозығы жеткен парталарда қарсы алды. Балалар отырып білім алатын мектеп жиһаздары шетінен үгітіліп жатыр, деп хабарлайды KAZBILIM порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

Бұл білім шаңырағында 840 оқушы оқып жатыр. Мектеп директоры Салтанат Сүлейменованың айтуынша, олар парталарды 100 пайыз ауыстыру үшін қалалық білім бөліміне тапсырыс берген. Бірақ әлі күнге дейін мектепке жаңа стол орындықтар жеткізілмеген. Ал Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныстың сөзінше, парталардың кешігіп жатқанына тендер мәселесі себеп болыпты.

«Шілде айында берілген тендер ойналмай қалды. Біріншісінде ешкім түскен жоқ. Екіншісінде екі компания түсіп, қаржылық бақылау органдары біреуін алып тастағанның арқасында тағы да ойналмай қалды. Енді үшінші рет біржақты келісім жасалып, алынып жатыр», — деді Д.Жаныс.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА