27.04.2024

Аутист балалар туралы және оларды оқытудың заманауи әдістері

 («АВА» қолданбалы мінез-құлықты талдау әдісі туралы)

Бала өмірдің мәні, ұрпақ жалғастығы, тағысын тағы теңдесі жоқ теңеулер жалғасып кете береді. Осы өміріміздің басты бөлігіне айналған үлпілдеп соққан жүрегіміздің соғысы, көздің ағы мен қарасындай болған балапанымыздың дені сау, салауатты да салиқалы ержетуінен ештеңемізді аяп қалмайтынымыз анық. Дегенмен бүгінгі  таңда сәби ұйқысын бұзып, ана жүрегіне қаяу түсіретін тағы бір опасыз індет түрі маңайымызды жаулап барады.  Ол — аутизм. Қазіргі уақытта балалар аутизмінің өзіне тән ерекшелігі жоқ, шығу тегі де әркелкі синдромдар тобына жатқызады, оған жалпылама аутистік спектр ауытқуы (АСА) деген анықтама берілген.

Аутизм адамның сыртқы дүниеден оқшаулап, өзімен-өзі болып, іштей сары  уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсуін күрделендіретін психологилық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл көбіне психологиялық дамудың бұзылуы. Баланың миына келіп түкен ақпаратты оның миы қабылдамайды. Сыртқы құбылыстарға жауап қайтармайды,  олар тек өзімен-өзі, өзіндік әлемінде өмір сүреді, деп түсінік береді ғаламторды ашсаңыз. Өкінішке орай елімізде дәл осы аутизмге шалдққан баланың санын жыл санап артып келеді. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп жатқан бұл диагноздың, нақты неден болатыны туралы түрлі болжамдар мен пікірлер ғана бар. Тіпті мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бұл ауруға шалдыққан баланың көбі адам көзіне тіке қарамайды, денесіне қол тигізбейді, адаммен араласпай оңашалана береді, сөйлеу қабілеті жай дамиды. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері әлі анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі екен. Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар,тағы басқалар жағымсыз әсер ету мүмкін деп болжаған.  Аутист бала туған кезден-ақ ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді. Өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Біреуден ұнаған затты көрсе, оны алмай тынышталмайды, жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады. Яғни мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды. Кейде бала сөйлей бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен сөйлеу қабілеті қайта жоғалады. Үнемі бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың бір бөлігімен (тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі)  дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету өте қиын. Аутист бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға жуап қайтармайды, айтқаныңа көндіру қиын. Қарым-қатынасқа бірден түспейді, атын атап шқырғанда назар аудармайды.

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швицар психиатрі Э. Блейлер ұсынған. Аутизммен ауыратын балалардың көбі 1,5 жасқа дейінгі кезеңде байқалады. Тағы бір деректерде ересектер мен балаларды бірге есептегенде, аутистік спектр көріністері көбіне қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 4 есе көп кездеседі екен. Ал бастапқы синдромдар 3 жасқа дейінгі кезде байқалады екен. Дейтұрғанмен әлемнің білікті ғалымдарының ұзақ жылғы зерттеулерінің қорытындысы бұл баладағы ауытқушылық гендік негізден деп тұжырым жасап отыр. Әрине алыс-жақын шетелдермен салыстырғанда біздің елде аутизм туралы ақпарат та, жұмыс тәжірибе де енді-енді алға басып келеді. Тіпі аутизм туралы мүлдем естімеген, білмейтіндерде кездеседі.

Л. Каннер аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты айтады». Ол аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан:

  1. жалғыздықты жақсы көру.
  2. ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу.
  3. мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының болмауы.
  4. эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау.
  5. біркелкі қимылдарды қайталай беру.

Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннедің жазуынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

— аутистикалық күйзелістер;

— стериотипі  үйреншікті;

— бір қалыпты мінез–құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың болашағы ұстаз қолында. Ұлы ойшыл К. Д. Ушинскийдің пікірінше «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек» деген пікірі педогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста болу керектігін дәлелдеген. Аутист балаларды кешенді түзете-оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы оқу материлын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады. Қоғамның және білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуы түрлі іс-әрекеттердің интенсификалық үрдісінің өсуіне байланысты болып келеді. Ерте балалық аутизмі бар балалармен жүргізілетін заманауи дəстүрлі жəне дəстүрлі емес жаңашыл бағыттағы жұмыстардың түрлері өте көп. Солардың бірі де бірегейі қазірде ең нәтижелі жемісін беріп жүрген бағдарламаның бірі ол «АВА» әдісі. Егер тақырыпқа кеңірек талдар болсақ.

«АВА» әдісін аутизм синдромы бар балаларға тұңғыш рет АҚШ-та 1963 жылы дәрігер Ивар Ловаас қалданған.  Бұл әдіс сөйлеу және қарым-қатынастық дағдыларды жақсартуға, зейінін тұрақтандыруға, әлеуметтік дағдыларды жақсарту үшін  қолданылатын  көптеген түрлі әдістерді қамтиды. Мақсаты мінез-құлықты марапаттап не көтермелеген жағдайда, мұндай мінез-құлықтың келешекте қайталана беру ықтималдығы жоғары болады.

«АВА» қағдидасына негізделген емдеудің барынша кең тараған әдістеріне жеке блок түрінде үйрету, кездейсоқ түрде үйрету (не болмаса табиғи ортада үйрету),  ауызша (вербальді) мінез-құлқы тренингісі,  негізгі дағдыларды үйрету жатады. «АВА»  терапиясында ең алдымен оқуда не жаңа дағдыларды игеруде қиналатын балаларға  елеулі қолдау көрсету болып табылатын, жағымды қолдау стратегиясына көбірек назар аударылған.

Аутизімі бар балаларға бұл әдісті төмендегідей бағыттар бойынша қолдануға кеңес береді:

*  Қиындық тудыратын мінз-құлқын алмастыратын  дағдыларды үйрету. Осылайша бала нені «жасауға болмайды» дегеннің орнына «не істеу керектігін» үйрене алады.

* Жағымды мінез-құлқын арттырып, жағымсыз мінездерін азайтады.

* Оңтайлы мінез-құлқын қолдайды.

*Баланың айналасындағы  адамдардың,  оның мінез-құлқына деген жауаптық реакцияларына қиындық тудыратын мінез-құлқының нығаюына кездейсоқ түрде ықпал етіп отыруы ықтимал.

* Баланың академиялық, әлеуметтік дағдыларын және  өз-өзіне көмек көрсету дағдыларын арттырады.

* Міндеттерді орындауға барынша көңіл бөлу қабілетін арттырып және үйренуге деген ынтсын арттырады.

* Когнитвтік дағдыларын жақсартады. Баланың үйренуге деген қабілетін дамытуға себін тигізеді.

Ерте балалық аутизм синдромында  АВА бағдарламасын қолдану арқылы балаға қажетті әлеуметтік дағдыларды үйретуге мүмкіндік береді.

Мысалы:

*Негізгі жетекші әрекеттерді имитациялау;

*Заттармен әрекетті имитациялау;

*Таныс адамдарды тануға ;

* Қажетті заттарды көрсетуге;

*Көзбен байланыс жасауға;

* Берілген нұсқауларды орындауға;

Қолданбалы мінез-құлық әдісінің негізгі мақсаты балаға қоршаған ортаны танып білуге алып келеді.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», ерте жастағы аутизімі бар бүлдіршіндерге психология-педагогикалық түзеу курстарын өту, қоғамдық ортаға бейімделуіне, өзімен қатарлас құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз-өзіне қызмет жасау дағдысына үйренуге,  түзету-педагогикалық көмек көрсету шараларын жүргізуде кешенді түзете-оқытудың, заманауи әдістердің маңызы зор.

 Оспанова Нұртілек Риянбекқызы

Астана қаласы, №3 психология-педагогикалық түзеу кабинетінің психологі

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА