27.04.2024

Биыл «Алтын белгі» иегерлеріне басымдық берілмейді.

Биыл оқу грантын бөлгенде «Алтын белгі» иегерлеріне тек бір ғана басымдық берілетін болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілеме жасай отырып, Қазбілім орталығы баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен жиында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Министрдің сөзінше, биылғы оқуы жылын «Алтын белгімен» аяқтаған түлектер тек ҰБТ-да жинаған балына қарай грант иегері атана алады.

– Бұл – өте маңызды өзгеріс. Осы мәселе көп уақыттан бері талқыланып жүргені мәлім. Жаңа заңды Жоғары оқу орындарының академиктері қолдады, сонымен қатар депутаттардан да рұқсат сұрап, бұл өзгерісті қабылдадық. ҰБТ-ның алдында шығатын заңның өзгерісі – «Алтын белгіге» ие болған балаларға ҰБТ балының нәтижесі бойынша ғана, егер оның балы бірдей болса, оған грант бөлінеді. Яғни түлектер тек «Алтын белгі» иегері болғаны үшін Жоғары оқу орнына тегін грантқа ие бола алмайды, тек ҰБТ нәтижесі бойынша балл саны бірдей болып, бір орынға бірнеше үміткер таласқан жағдайда ғана «Алтын белгі» иегері ескеріледі», — деді Сағадиев.

Білім және ғылым министрі былтырғы оқиғаға да тоқталып өтіп, оқу гранттарын бөлгенде әділетсіздік болды деп көптеген ата-аналардың шағым жасағанын да атап өтті.

– Бұл өзгерісті енгізудегі басты мақсатымыз – биыл осындай келеңсіздіктерді болдырмау. Былтыр Астанаға көптеген ата-ана келіп, шағым түсірген еді, – деді Ерлан Сағадиев.

Білім және ғылым министрінің бұл бастамасына депутаттар бірауыздан қолдау білдірді. Дауыс беру нәтижесінде білім туралы заңға жаңа өзгерістер енгізілетін болды.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Қанатұлының айтуынша, ҰБТ-дан жоғары балл жинай алмаған, бірақ мектепті үздік бітірген түлектер «Алтын белгі» иегері болып қала береді.

– 5 сыныптан бастап мектеп қабырғасында үздік оқыған түлектерді бір сәтсіз сынақ үшін «Алтын белгісінен» айырмаймыз. Бірақ мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектер жаппай грантқа ие бола алмайды. Егер олардың ҰБТ-дан жинаған балы мектепті орташа көрсеткішпен бітірген түлектен аз болса, жоғары балл жинаған түлек грант иегері атанады. Ал көрсеткіші тең түскен жағдайда «Алтын белгі» иегеріне грант беріледі», — деді вице-министр.

 kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА