Home Ұлт діңі Әділ Санатбекұлы. Ұлт тағдыры

Әділ Санатбекұлы. Ұлт тағдыры

0
Әділ Санатбекұлы. Ұлт тағдыры

Ұлт тағдыры

Әлемдегі ұлттар үш ниетке бейімделіп болды: шалқар ұлттар қайнар қамымен, дәстүр ұлттар заман қамымен, шекті ұлттар жанбағыс қамымен жасайды.

Атазаман ұлттар ара қақтығысу өздерін әйгілеу үшін болған. Қандайда ұлт соғысқа ұмтылыс жасамаса өз ырықтылығынан айырылатын немесе ұлттық үкіметі аяқтайтын. Ал қазір мемлекет айқындалып, бір-біріне үлгі болуға ұмтылыс жасауда. Қақтығысу хоштілек шығысуға айналды. Өркениет бірлікті ұлғыйтып әлем тыныштығын сақтауға өрледі. Сондықтан, әрқандай ұлт үлгі бірлігімен құлшынса, бүгін дүниеге хош көрінеді.Шартарапты алуандүр сәйкесуге қызықтырады. Мұнда, ұлт өркениетімен баурау төтенше абыройлы. Алайда үлгі боларлық ұлттық бірлік көрсете алмаса ешкімде менсінбейді. Қайта, кім көрінген кетік-тетігін аңдып, жан дүниесін мұрындықтайды. Бірте-бірте өз нәрсесіне өзі ие болуға мүмкіндікте қалдырмайды. Өйткені, үкімет өкіл ұлттың ғана парасат ықпалы болып мойындалады, бағынған өзге ұлттарға ие болу үшін бәрін аздыруға күштейді; мемлекет сол серкенің қорғаны, өзге ұлттарды олжа қайнар ретінде ғана қабылдайды.

Иә, аяқ астынан қазақтың байы жүдеп, кедейі жуарған, ұлт жандысы тұтығып, орысниеттісі сайраған соның салдарынан 70 жыл бірін-бірі ренжітіп жүріп өзара көңілдерін суытып алған. Аттан десе түгел аттанатын халық, аяғы біріне-бірі тыңдап-ермейтін рухы тозған халыққа айналған, бірақ бұл мәміле бап сияқтанғанымен шын мәнінде атүсті сілтеме, өмір болмыс-ниетін шынайы түсінбейтіндердің тұйықділ көзқарасы ғана, себебі сол дәуірде мемілекет мүддесі орыс мүддесімен сабақтас еді, қоғам орысты мойындамайтын дарындыларға есе бермей, жақтайтын ақымақтарды қолдап тұрған. Әрине, атаққа ұмтылмайтын қу тумайтындықтан, өмірде аса көңілшек пен нағыз шыншыл мандымайды; халық қалауын білетін ақылды жомарт пен дарынды әділ ғана дүниені өзгерте алады. Білсек, данышпан Абай елі тыңдамаған себебін ұқпай, ақ далаға уағында келген сауат орайын жіберіп қойған. Тағдыр оны ағасұлтан шаңырағына жәйша бұйырмаған болса керек, бүгінгі Нұрсұлтанды арнағандай. Әккі қоғам қысып тұрғанда да «16-желтоқсан» тәуелсіздікке негіз болдығой. Демек, қазақ қашанда ұлы таудың еркек қас өзені іспетті, бөгесе дүлей тасқында қадірін білсе жаһанға рухани сусын!

Ұлттық рух – ұлтқа деген азаматтық діл (жүрек). Ал қазақи үлгі – дара жандардың дарыны және қара халықтың хошы арқылы қалыптасқан. Ендеше, өзін соншалық танытуға өз азаматын сұлтан, өзге азаматын ұлтан санататын ұлттық мүдде себеп болған. Өйткені, ұлт мүддесі – рухтың жаны, бірліктің жүзі, тағдырдың туы!

Қазақ –әлемнің руханият шолпаны

Қазақ сипаты

Қазақта сауап деген – риясыз көңілмен қайыр қылу, мүрал мен өнерге бар ықылaспен құлшына адамдығын әйгілеу; қанағат деген – өмір мен табиғатты әділдікпен мойындау, қырсық сезімді дәйім құрбан етуге хош болу, баяшат тұрмыстыасырайтын бірлік жүйеге тоқтау, бойындағы қабілетімен бұйырған несібеге шүкірлік ету. Қазақ сондықтан да ақтірлік қоғамын қалыптастыра алған. Жаны сауаппен ажарланған, өмірі қанағатпен құнды болған, жетпіс өнер жігітіне аздық қылған ұлы ұлт. Ұлылығынан әлемді тәнті, алланы разы еткен.

Қазақ елінде соғыс-апаты ұзаққа тұрсада, тажал оғы бәріне түгел тисе де, әйтеуір, ұлылығынан біреуі аман қалған. Кейінірек сол аман біреуі айырылған жерінің ырысты аумақтарын он жауынан қайта тартып алған. Қалған жерін Алла (бейбітшілік) үшін қузамай ақіреттікке қалдырған. Тіпті, ақтірлік мүддесін ойлап, жатқа тегін салық төлеуге пейіл білдірген. Өзін өзгеге күзеттіріп, жалғасты сауап, қанағат, ортақ дастарқан дәстүрімен жасай берген. Өз ішінен әуелгідей жетім, жесір және қайыршы шығармай баяғы шадыман өмірін жалғап кеткен.

Ұлы қазақ ақтірлігін ұрандаушы Мұхаммедке ризалық білдіріп, намаз тәртібін ерікті қабылдаған. Ленин арманы оданда жақын еді, қызығы, мүдде тірлік қоғамы халқын обал-кісіліктен жұрдай еткендігі себепті менсінбеген, аттан түспей қабылдаудан бастартқан.

Иә, сол тұста ақ-сарылар жан-тәнін құрсағына айырбастайтын, қайыртілеу мен сауда алдауды мақтан көретін, жер бүлдіру мен аспан былғауды өнер қылатын, әлсіздердің тер-қанымен үкімет бағатын, езу мен езілуді борыш санайтын имансыз халық болған. Бірақ құралы, әсіресе, үгіті қамап Ленин үкіметі бәрібір қазақты қаратып алды. Таразылы тайқазаннан тамақтандырды. Ал бұл ортақ тірлік қоғамы қазақ қоғамының әлемге өркениеттенгенін бірден байқаттыда, әп сәтте қарсы алуға ие болды. Мәңгі жасасын! – деп тұрып қуанды қазақ. Алайда, тіл-салты бөлек, діні қарсы сырлы бөтендер тізгін ұстап, қазақтың берекесін бірте-бірте қашырып қойды. Алдымен бейтаныс әрі азап іс-әрекетке ұйымдастыру арқылы титықтатты. Онан наданға ми, кедейге жан болғанды ақымақ қылды. Кейін ұлттық руханиятты суғармай қуратты…

Барлық дүниені тарылтатын күш – әккілік. Ырысты жері кең, тірлігі жайлы қазаққа оқудың – ақырзаман тілеудің қажеті болмаған. Әншейін көзі дәу көкірексіздерге жауын қорқытып, қатыржан сайрандап өткен. Табиғатпен етене болып, нәрлі-адал көкқамырмен шалқып кеткен. Шуағы мол күнгей іспетті өмірі, шуағы аз теріскей іспетті Еуропа өміріне қарама-қарсы жасаған. Енді сасық қуып, әке-шешесінде керек қылмайтындарға оғаш көрінді. Өйткені, әлемдік өркениет байлықты суалтатын, халықты қинайтын темірді қажет етті. Қоғам дін және ұлт бағдарын бұзатын түзіліс жасауға мәжбүр болды. Сонымен, оқуды құдай тұтқандар жарық, сауап қанағатшылдар шарық танылды. Ашық айтсақ, құқық беделден балаша қағылған қазақ, өз туған жерінде өзге үкімет үшін өгей еңбеккүш жасалды.

Сондада қазақ рухын 70 жыл мұқалта алмады. Қайта, жаншимын деп нықтап қойды. Неше мың жыл Ар-намыс пен жігерін, мұрал-әділдікпен бірлігін, өнер-біліммен тірлігін шыңдап тастағаннан болар, қазаққа Алла жар болдыда, 70 жылға өз әккілігінен өлім тиді. Ал бүгінгі қазақ – сауап қанағатын замандаған, күрсініп жүрген қанын амандаған, жүзнеше тайжұртқа өкіл аға-пана болған дүниедегі ең ажарлы ұлт болды. Ақтірлік рухы – көк туы көкте желбіреп, әлемдік гүлстан мемлекет болуға бар иманмен ниеттенді!

 

Қазақтың махаббаты

 Қазақ ұрпағынан опасыз, аманатсыз шығарғысы келмейді, ұлы сана өркениетіне жанын салып құлшынады. Әр кез баланың жақсы әдетінен қуанып, бетін қақпай белін буады. Жаман әдеттен кенет тіксініп, дереу шара жасайды. Түгел үлкенге жол береді, үлкен-кішіге қамқор болады. Құда құданы құдай көреді. Күйеу-келін өз жұртынан қайын жұртына асырып иба көрсетеді, қайын жұрт күйеу-келінді өз ұл-қызынан асырып жақын тартады. Мұндай бірін-бірі аяп сыйлағаны, бірін-бірі шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелегені. Сондықтан да үлкен-кіші, ер-әйел, ұл-қыз, түрлі жұрағаттар өз сипатымен айқын көрініп, барлық қазақтың көкірегіне пәк махаббат болып орнап қалған. Бәлкім, ол өзге елде жоқ дүниеге махаббат.

Қазақ дастарқанын өзінен гөрі өзгеге арнап ұстайды. Онысы барлық жанды риясыз махаббатқа шақырғаны. Оның жемісі біреу біреуді бөтен көрмейді, рахат-қиындықты мүддеге айырмайды. Мәселен, жастар дәстүрлі күш біріктіріп, ауыл жұмысын тындырып тұрады. Үлкендер алаңсыз қыдырып, ел құрметімен шалқиды. Ал бұл дүние жастарды ауыл тұрмақ үйінен қаңғыртып, үлкендерді ақшаның алақаны – құса түрмесіне жинайды.

Қазақ ұл-қызы ауылдың шуағымен өжет, сүйкімді өседі. Көп ата-ана сыйлайтын шаттықпен шадыман ержетеді, түгел барлық уайымнан ада тұнық азамат атанады. Әрине, осы кезде үлкендер теңін әділдікпен шешіп, шырын сәтін жібермей дәл уағында табыстырады. Құда жеті судың аржағы – алыс хан болады.Сүйінерің ұлт бойынша онымен қамқорлықтарын аяқтамайды. Отауын бөлгенше немересін өлгенше асырайды. Ал бұл дүние оннан аспай жатып қызғын өмірден түңілдіреді. Себебі, адамға емес ақшаға ғашық қылады. Ашық-шашықты жаңалыққа құштарлық, ұжданды тұрмысты мешеулік санайды. Ғылымға пейіл ұл-қызды өмірден оқшау қалдырады. Қорытып айтқанда, бәрінде далаға тәрбиелеп, моралдық тамырына балта сайлайды.

Қазақ ер-әйелі жасандылықты пасық көреді. Ауызша сүйем дегенді сайқалдық, арбағаны деп түсінеді. Екеуіде бірдей үй мен түздің шаруасына қүнімен қарап, береке мен қоса ағаруды мұрат тұтады. Аттарын да атаспай, қадір-қымбаттарын құрметпен сақтайды. Көңіл наздарын қабақпен танытып, махаббаттарын адамдық әрекеттерімен көркемдейді. Ал бұл дүние жұрт алдында «сүйемін» деп мақтанбаса, жабысып сілекейлерін жұтыспаса, иіскелесіп қаюанша жасамаса, ғашықтыққа есептемейді. Аттарын ауларына тығып, боқпен атасып, дәйім бірін-бірі қорлап қажамаса бай-қатындығын сипаттамайды. Әуелі, өзгенің сілекейін жасырын жұтып тұрмаса өлік тізімдігіне тіркейді.

Қазақ кәрі-құртан, жетім-жесір, кем-кетік, тақыр-пақырға борышты жүреді. Оларға шын мәміле жасап өзіне иман, жалпыға амандық тілейді. Қартты қазына, кемді нышан, пақырды қыдыр санайды. Жесір жыласа кер жылайды (қарғыс атады), жетім жыласа жер жылайды (аруақ атады), – деп күйеуі өлген желектіні қайын інісіне қосады. Күйеуі өлген бала-шағалы келіншекке келін түсіріп беріп(ұлы бесікте болсада мейлі) кемпір жасайды. Өзге елге жіберіп жетім-жесір атандыруды өлімнен де күшті көреді. Демек, тұтас ұлт қамжанның бәрін дүние қадірін білдіретін, адамдық ар-ұжданды ұмыттырмайтын әлем деп ардақтайды. Ал бұл дүние әдейі оралғы болуға жаралғандай, қасақана кемдікті тілеп-жасап алғандай оларға мұрын шүйіреді. Есесіне, затсыз байға бүгежектеп жасан мүсәпір, зытсыз биді жалап бұралқы ит болғанды ақылды таниды.

Қысқасы, қазақ – аңдыспай ауыл, есептеспей ел болған, өркениетті ақылмен байытқан адами махаббаттың құлы. Ең әдейі, алжыған ата-әжесінде қазірет тұтады. Араны алыстататын алтынғада қызықпайды. Өзара көмек, жол беруге пейіл, қашан да табиғилықты сүйеді. Әрине, табилық – өзін нұрлы көрсетіп, өзгені ұлыққа ниеттейтін болмыс. Ертеңді сәтті жалғайтын кісілік махаббат. Ал бұл дүние махаббат деген бір лездік сезім ғана деп қорытады. Жақынды ұмыту – сордың ашылғаны, басқаны құрбандыққа шалу – бақытты болудың тетігі деп кеңес береді. Сонымен, бүгін азбайтын жан тумайтын болды. Бәрі де, ертеңнің жарығы – иманды жоқ қылатын ақшаның құлына айналып барады. Өзіне сүйікті, өзгеге қадірлі болудан жаңылып малғұн жасауға беттеді.

Махаббат – сүйгізген заң. Ақыл – сүйгізетін негіз. Негіз – жанұяны, ұлтты, отанды жасаушы күш. Ал қазақтың негізі – өзіне сүйкімді, өзгеге үлгілі іс-әрекет істетіп тұрған ақыл.

Әділ Санатбекұлы. Астана қаласы

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here