-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Ендi мұғалімдер үй-үйді араламайды – Ерлан Сағадиев

Бүгін ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында елiмiздiң ұстаздарына өзiнiң тiкелей мiндеттерiнен басқа жұмыстарды iстеуге тыйым салынады, — деді деп хабарлайды Қазбілім порталы тiлшiсi.

«Ұстаздарды өзiнiң қызметiнен басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым салынады. Бұл – үлкен жұмыс. Соған қарамастан бұл iстi қолға алдық. Бiз мұғалiмдер өзіне мiндеттелген жерлердi аралап, талдау жасап, түрлi карточкалар мен жол жүру билеттерiн тарататынынан хабардармыз. Жұмысты ұстаздарды үй-үйді аралатып, статистикалық мәлiметтер жинауға тыйым салудан бастаймыз», — дедi Е.Сағадиев.

Сондықтан, оның айтуынша, министрлік басқа органдармен бiрлесiп, ұстаз еңбегiн осы мақсатта пайдалануға тыйым салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы шығармақ.

«Бiз бүгiнгi күнi қағазбастылықты, жазбаша есеп берудi алып тастай аламыз. Бiрақ, бiрқатар өзектi проблема бар. Бiрiншi кезекте — бұл мұғалiмдердiң тексерушi органдар алдындағы қорқынышы. Бiз мектеп ұстаздарымен және директорларымен сөйлестiк. Олардың барлығы «Бiз журналды жазбаша жүргiзе беремiз, өйткенi қорқамыз» — деді. Мен оларға «Ал егер қағаз журналға тыйым салсам, не болады?» деп сұрағанымда, олар «Онда бiз түнде жазып отырамыз. Себебi, бұл ақша, ертең бiздi оңдырмайды» деп жауап бердi», — дедi Сағадиев.

Сондықтан, министр мұғалiмдер қорықпас үшiн тексерушi қаржы органынан жазбаша есеп сұрау құқығын алып тастауды көздеп отыр. Осы мақсатта ведомство Қаржы министрлiгi мен Бас прокуратурамен бiрлесiп арнайы хат немесе бұйрық дайындамақ.

«Бiз қаржы министрiнен, ереже бұзылған жағдайда, осы iспен өзiнiң айналысуын өтiндiк. Себепсiз тексерiстерге Қаржы министрiнiң өзi жауап бередi. Бұл бiз үшiн аса маңызды», — дедi министр.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Енді бағалауды өзгерту керек 100 пайызға жəне ай сайын ба тəуелсіз тексеріс болып қорытынды баға шығарылса ол баға мұғалімге ешқандай əсер етпеуі керек

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...