17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрін жекпе-жекке шақырды…

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында оқулықтардағы кемшіліктерді талқылау мәселесі бойынша депутат Бекболат Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әліппені қайтару мәселесіне тоқталған депутат, «Сауат ашу» — сауасыздықты жою дегенді білдіреді… Бұрынғыдай қала берсе, оның қандай қайшылығы бар. «Әліппе» деген сөз символдық, бейнелі атау. Бұл атау қанымызға сіңген. Ол — Ахмет Байтұрсыновтардан келе жатқан атау. Осы орайда бүкіл зиялы қауымның талабын айтатын болсақ, «Сауат ашу» аты мен атауын құртыңыз да, «Әліппені» бізге қайтарып беріңіз. Аяқ астынан бірдеңе бастап кетесіздер де, кейіннен қоғамнан қарсылық болып жатады. Елбасы Жолдауында барлығын ақылмен саралап, қабылдауға шақырды ғой. Ендеше, бастамаларға ақылмен мұқият қараңыздар. Ең бірінші ойланып алып, сосын істеу керек», — деді.

Осы орайда депутат оқулықтардағы кемшіліктерге тоқталды.

«Ереке, осы мәселеге кім жауап береді? (Ерлан Сағадиевке қаратып айтқан сөзінде). Әлде баспа жауап бере ме немесе министр жауапты ма?! Нақты кім жауап береді? Керек болса, оқулықтарды алып келемін де, сорақы нәрселерді бірінен соң бірін қойдай тоғытамын… Балалар мына оқулықтарға қарап отырып, зәрезап болады. Өйткені, өте ауыр, кітапты адам оқу мүмкін емес. Баланың жасы ешқандай ескерілмеген. Екінші сыныптың баласына жетінші сыныптың оқушысының деңгейіндегіні жазып беру рухани қаскүнемдік . Сабақтастықтың жоқтығынан, ұрпағымызды мүгедек қылып жатырмыз», — деп наразылығын айтты Б. Тілеухан.

«Ереке, бұған қазір жауап беріңіз. Қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырамын және сіздің жеңіп кетуіңізге шын жүректен тілектеспін. Өкінішке қарай, жеңіліп қаласыз-ау. Өйткені, ешқандай уәж жоқ. Ертең халықтың, сайлаушылдардың алдында біз жауап беруіміз керек», — деді депутат.

Өз кезегінде Е. Сағадиев оқулықтардағы кемшіліктерге министрлік жауап беретінін атап өтті.

«Жыл сайын үш жүзден астам оқулықтарды дайындап отырмыз. 5 мыңнан астам мұғалімдер осы шараларға қатысып отыр. Әр оқулық дайындау кезеңінде алты ай сайтта тұр. Осы орайда бұл мерзімде кемшіліктерді атап, қандай өзгертулер енгізу керектігі тұрғысында әр адамның ұсыныс жасауға құқығы бар. Енді ертерек қарап, ұсыныстарды енгізбейсіздер ме?! Қателіктер түзетілді ғой. Егер оқулықта кемшіліктер қалса, керек болса, оқулықтардағы қателіктерді іздеуге әзірмін», — деп жауап қайырды министр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...