28.04.2024

БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН БӨЛІНЕТІН ЗАТТАР

149 специфика бойынша:
— әкімшілік персонал үшін кеңсе тауарларына (табельдер, журналдар, мақтау қағаздары, бор және т.б.);
— жинақтауыш құрылғыларға (картридж, барабан, шамдар және т.б.);
— санитарлық тазалауға арналған жуу және шаруашылық заттарына;
— санитарлық техникаға (су жинағыш, су таратқыш, гофралар, және т.б.);
— спорттық тауарларға (доп, торлар, арқан және т.б.);
— құрылыс материалдарына (бояу, құрылыс қоспалары, жапсырғыш, эмульсия және т.б.).
Сонымен қатар:
салықпен қоса алғанда еңбекақыға,
коммуналдық төлемдерге,
жетім балалар мен отбасы жағдайы төмен балаларды тамақтандыруға және киіндіруге

159 специфика бойынша:
— бастауыш сынып оқушыларын тамақтандыруға;
— ағымдағы жөндеуге (орташа алғанда жылына 1 мектепке 1 млн теңге);
— банк қызметтеріне;
— педагогикалық қызметкерлерді медициналық тексеруге;
— күзетке;
— қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаруға;
— ғимаратты дезинфекциялауға және дератизациялауға;
— өрт қауіпсіздігі дабылымен қызмет көрсетуге;
— күзет дабылымен қызмет көрсетуге;
— жылыту жүйесі мен су құбырын техникалық сараптауға, шаю мен сығуға;
— су, электр қуаты, жылуды есептеу құрылғыларын тексеруге;
— жерге тұйықтау құрылғысының кедергісін өлшеуге;
— апаттық жағдайларды жою және желілерге қызмет көрсетуге;
— ағынды-тарту жүйесіне қызмет көрсетуге;
— кәріздерді тазалауға;
— жылу құрылғыларының қыс мезгіліне дайындығын тексеруге;
— дабыл құрылғыларына абоненттік қызмет көрсетуге;
— картриждарды толтыруға;
— сайтты сүйемелдеуге;
— 1 С бухгалтерлік бағдарламасының қызметіне, тарифтеуге;
— кеңсе техникасын жөндеуге (картридж, барабан);
— өрт сөндіргіштерді толтыруға;
— антивирус бағдарламасын орнатуға;
— лифтілердің техникалық қызметіне

АТА-АНАЛАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ
1. ОҚУЛЫҚТАР
Астананың барлық мектептері міндетті білім беру стандарты аясында оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген. Бірақ гимназия және лицей сыныптарында пәндерді терең оқуға арналған қосымша дамытушы компонент қарастырылған. Бұл сабақтарды өткізу үшін оқулықтарды сатып алуға қаржы қарастырылмайды. Сондықтан оларды ата-аналар өз есебінен алады (бұл міндетті стандартпен қарастырылмаған қосымша сабақтарға арналған оқулықтар).
Сонымен қатар ата-аналар өздерінің есебінен оқушыларға арналған жұмыс дәптерлерін сатып алады. Бұл мақсатта мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді.

2. ТУРНИКЕТТЕР АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУГЕ ҚАРЖЫ ЖИНАУ
Бірқатар елордалық мектептерде балалардың қауіпсіздігі үшін мемлекеттік қаржыға турникеттер және бейнекамералар орнатылған. Олар тұрақты түрде жұмыс істеуі үшін балалардан ай сайын 500 теңге көлемінде жарна жиналады.

3. АҚЫЛЫ ҮЙІРМЕ САБАҚТАРЫ
Олар сабақтан тыс уақытта ерікті түрде өткізіледі, міндетті саналмайды (хореография, вокал, шығыс жекпе-жегі, театр үйірмелері және т.б.).

Қолданыстағы Астана қаласы Білім басқармасының 10.08.2016 жылғы №428 «Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы

Білім беру ұйымдарында оқушылардан заңсыз ақша жинау жөнінде ата-аналар шағымдарының жиіленуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
І. Білім ұйымдарының басшылары:
1) ата-аналардан сынып, мектеп тазалығын сақтау және жөндеу жұмыстарына, құрал-жабдықтар, жиһаз сатып алуға, мектеп аттестациясын өткізу, педагогикалық ұжымына сыйлықтар, мерекелерге қарсы іс-шаралар өткізуге және басқаларға мәжбүрлеп ақша қаражаттарын жинауға қатаң тыйым салынсын;
2) педагогикалық ұжым және ата-аналар комитеті мүшелері арасында мектептің, сыныптың мұқтажы үшін заңсыз ақша жинау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
3) ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол берген сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге және тәрбиешілерге қатаң шара қолданылсын;
4) білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға тыйым салуға бұйрық шығарылсын.
ІІ. Осы бұйрық орындалмаған жағдайда білім мекемелерінің басшыларына лауазымынан босатуға дейін қатаң тәртіптік шаралар қолданылсын.
ІІІ. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Басшы Қ. Сенғазыев

Құрметті ата-аналар!

Егер сіз немесе сіздің балаларыңыз Астана қаласының білім беру ұйымдарында әкімшіліктің немесе оқушылардың тарапынан заңға қайшы әрекеттерге (мектептің қажеттілігіне ақша жинау, баланы мектепте қатарластарының ұрып-соғуы, мектеп аумағында темекі өнімдерін және т.б. сату) тап болсаңыз, мұндай жағдайларды назарсыз қалдырмауды сұраймыз.

1. 8-701-588-99-66 нөміріне SMS-хабарлама жолдаңыз (мәтінде міндетті түрде мектептің нөмірін көрсету қажет. Мәселен, егер №98 мектеп болса, онда хабарламаны «098» деп бастау қажет. SMS-хабарлама жүйесі тек мектептер үшін қолжетімді).
2. Шағымдардың кез келген фактілері (балабақша, мектеп, колледж) бойынша оны жан-жақты сипаттап (ескертпе), 8-778-255-01-62 нөміріне WhatsApp хабарлама жіберіңіз.
3. Шағымдардың кез келген фактілері (балабақша, мектеп, колледж) бойынша Аст ана қала Білім басқармасының «жедел желі» телефондарына хабарласыңыз: 55-01-62, 8-778-255-01-62. Жұмыс уақыты – с 9:00 до 19:00, түскі үзіліс 13:00-14:30.

Ескертпе: Білім басқармасы ақшаны заңсыз жинау фактілері бойынша тексеруді ұйымдастыру үшін мектеп нөмірін (колледж, балабақша), сыныптың (топтың), сізден талап етілетін қаржы көлемін және қандай мақсатта екендігін хабарлау қажет. Сіздің телефоныңыздың нөмірі Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері үшін ғана қолжетімді. Сіздің нөміріңізді білім беру ұйымының дирекциясы көре алмайды.

-ЖАРНАМА-spot_img

3 КОММЕНТАРИИ

  1. Жоғарыда көрсетілген спецификалардың бәріне мемлекеттен ақша бөлінген дей ме? Өтірік. 90 пайызы мұғалімдердің есебінен яғни мұғалімнің жалақысынан сатып (қосылып ақша жинап) алынады, үйден әкелінеді. Ең ақыры күлкің келетіні тіпті жылағың келетіні «үздікке» бітірген оқушыға грамотаны да мұғалім сатып алады. «Үздік» оқыған оқушыға 50 -150 теңге тұратын грамотаны алып бере алмай тұрып мұғалімге ақша жинама дейді. Борды мұғалім өзі сатып алады. Картрижді бәрі жабылып «заправить» етеді. Антивирусқа ешқашан ақша бөлінген емес. Жыл соңында сынып ремонтын мұғалім өз ақшасына жасап келеді.
    Жоғарыда қағаздағы әдемі жазылған «спецификалардың» бәріне шын мәнінде бюджеттен ақша бөлінсе ақша жинау мәселесі 99 пайызға азайар еді.Ата — аналардың құқығын қорғайтын болсаңдар бірінші мұғалімнен ақша жинауды, «спецификаларға» бөлінетін ақшаның жететін жеріне нақ жетіп жатыр ма соны тексеріп алыңдар. Сосын барып мұғалімдерді қорқытыңдар.

  2. Аманжол өте дұрыс айтады. 149 бен 159-шы специфика бойынша директорлар мемлекетті немесе мемлекет директорларды алдап отыр. Ешқандай грамота тегін берілмейді. Қыл аяғы жыл аяғында мектептен өзіңе берілер болса осы қағазына 150 тенге төлейсің.
    149 специфика бойынша:
    мақтау қағаздары;
    – жинақтауыш құрылғыларға (картридж, барабан, шамдар және т.б.);
    – спорттық тауарларға
    159 специфика бойынша:
    – ағымдағы жөндеуге
    – педагогикалық қызметкерлерді медициналық тексеруге;
    дегендері тіптен жалған. Бұл жерде ашық айырып жазатын бір нəрсе бар.
    Ол мектептегі лауазымдық қызметкерлердің ғана картриджі, компьютері десе сенуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА