26.04.2024

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ВЕБ 2.0. ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ВИКИ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРВИСІНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Аңдатпа:

Берілген мақалада қазіргі заман талабына сай шетел тілін оқытуда әлеуметтік сервис Веб 2.0. технологиясының дидактикалық мүмкіндіктері және веб 2.0. технологиясының құрамдас бөлігі вики әлеуметтік сервисінің дидактикалық қасиеттері мен әдістемелік ерекшеліктерімен қоса ең маңыздысы вики технологиясының дидактикалық тоғыз мүмкіндігінің қолдану жайы, оның маңыздылығы, тиімділігі жөнінде сөз болады. Және студенттердің бойында ақпараттық қатысым құзыреттілігін қалыптастырумен қатар,студенттердің бойында мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыру әдістері, сондай-ақ әр түрлі әдіскерлердің ақпараттық қатысымдық құзыреттілік оның ішінде веб 2.0. және вики технологиясы мен мәдениетаралық қатысым құзыреттілікті шетел тілін оқыту сабағыңда қолдану аясы көрсетіледі.
Кілт сөздер: Веб 2.0., дидактикалық қасиеттер,әдістемелік ерекшеліктер,вики, дидактикалық мүмкіндіктер, мәдениетаралық қатысым құзыреттілікті қалыптастыру

ДИДАКТИЧЕСКИЕ ВОЗМОЖНОСТЕЙ СОЦИАЛЬНОГО СЕРВИСА ВИКИ КАК СОСТАВЛЯЮЩИЙ КОМПОНЕНТ ВЕБ 2.0. ТЕХНОЛОГИИ В ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ

Аннотация:

В данной статье по настоящему время рассматриваются дидактические возможностей Веб 2.0. технологии и дидактические и методологические особенности социального сервиса вики как составляющий компонент веб 2.0. технологии и вместе с этим рассматриваются самое главное о использовании девять дидактических возможностей вики технологии и их важность и эффективность в обучении иностранному языку. И формирование у студентов не только информационно коммуникативную компетенцию а также методы формирование межкультурно коммуникативную компетенцию, вместе с тем рассматриваются различные взгляды методистов о использовании межкультурно коммникативную компетенцию на уроке в изучении иностранного языка.
Ключевые слова: Веб 2.0., дидактические особенностей,методологические особенностей,, вики, дидактические возможностей, формирование межкультурно коммуникативную компетенцию

DIDIACTIC CAPABILITIES OF SOCIAL NET SERVICE WIKI AS A COMPONENT WEB 2.0. TECHNOLOGY IN TEACHING A FOREIGN LANGUAGE

Abstract:

This article consider didactic capabilities of Web 2.0. technology and didactic and methodological peculiarities of social net service wiki as a component of Web 2.0. technology and with those consider together the most important thing about using nine didactic capabilities wiki technology and their importance and effectiveness in teaching a foreign language. And formation for students not only informative communicative competence as well as methods for formation intercultural communicative competence, however. addresses different methodologists point of views about using intercultural communicative competence on lesson in learning a foreign language.
Key words: Web 2.0.,didactic peculiarities, methodological peculiarities, wiki, didactic capabilities, formation intercultural communicative competence

Шетел тілін оқытуда Веб 2.0 технологиясының құрамдас бөлігі вики әлеуметтік сервисінің дидактикалық мүмкіндіктері

Қазіргі кезде шетел тілдерін оқыту әдістемесі үшін, тілдік білім беруді ақпараттандыру басым болуда. Ғылыми әдебиеттерде, шетел тілін оқытуда қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар арқасында оқыту әдістері туралы көптеген ғалымдар мен әдіскерлердің зерттеулерінен көруге болады.
Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі, мәдениетаралық қатысым құзыреттіліктері, оның ішінде (тілдік, , әлеуметтік мәдени, компенсаторлы, дискурсивтік және оқу танымдық) қалыптастыру болып табылады. Бірақтанда, тек Әлеуметтік желі ресурстарына қол жеткізу тиімді және жылдам, ол шетел тілін оқытудың негізі болып табыла алмайды. Ғылыми әдебиеттерде, студенттердің Әлеуметті желі ресурстарын пайдалану арқасында үйреніп жатқан тілің, елдің мәдениеті туралы ақпараттарды түсінбеуі, олардың стереотиптер ғана емес, сонымен бірге ксенофобияны мен расизмды тудыруы мүмкін болатын, біршама дұрыс емес немесе әдістемелік жағынан дұрыс құрылмаған жұмыстарды көруге болады [1, 207 б].Сондықтанда, шетел тілін оқытуда Әлеуметтік желі технологияларын қолдануда жаңаша оқыту , Әлеуметтік желі ресурстары және әлеуметтік сервис Веб 2.0 негізінде шетел тілін оқыту әдістемесін құру ойы туындайды. Шетел тілін Әлеуметтік желі ресурстары арқасында оқыту және әлеуметтік сервис Веб 2.0 олар:
• шетел тілінің қатысымдық құзіреттілігінің (тілдік, грамматикалық, әлеуметтік мәдени, компенсаторлық) аспектілерін;
• алынған ақпаратты талдау және іріктеу, іздеу, таңдаудың қатысымдық танымдық біліктілігін;
• әлеуметтік желі желісінің ресурстарының жұмыстарын көрсету және нәтижелерді талқылау біліктілігін;
• шетел тілін оқытуда әртүрлі мемлекеттер мен халықтардың тарихи мәдени мұрасымен танысу мақсатын;
• студенттердің өз ақпараттық және біліми қызығушылықтарына арналған Әлеуметтік желі ресурстары мен Веб 2.0 сервистерін пайдалану біліктілігін құру мен дамытуға арналады [2].
Солардың бірі Веб 2.0 технологиясының құрамдас бөлігі вики әлеуметтік сервисінің дидактикалық мүмкіндіктеріне тоқталуға болады.Вики технологиясы дегеніміз Веб 2.0 әлеуметтік сервисінінің аталмыш қызметтерінің бірі болып табылады яғни адамдар алыс қашықтықтан-ақ топпен немесе ұжыммен бірігіп әлеуметтік сервис негізінде жұмыс жасау арқылы бірыңғай құжат құрып, сол құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады.Вики сөзі Гавай тілінен аударылған “жылдам және тез” деген мағынаны білдіреді яғни кез-келген ақпаратқа оңай және жылдам қол жеткізу.1995 жылы деректер қорында, алғашқы вики желісін құруда Уорд Каннингемнің есімімен байланыстырылады. Ол 2000 жылы бірінші әлеуметтік онлайн энцеклопедиялық желісін яғни Википедияның (Wikipedia) (www.wikipedia.org) құруымен бүкіл әлемге танымал болды.
Шет тілін оқытуда Википедия студенттердің тілдік- мәдени тәжірибесін байыту үшін және олардың оқу дағдыларын дамыта оқытуда тиімді ресурс ретінде қолданылады.Студенттердің жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту үшін Pbworks (www.pbworks.com) әлеуметтік желісін қолдануға болады, білім беру үдерісінде MediaWiki (www.mediawiki.com), Wikihost (www.wikihost.org) әлеуметтік желілерінде пайдаалнуға болады және олар тегін болып келеді.
Сонымен жоғарыда келтірілген білім беруде, біздің мәселемізде шетел тілін оқыту мен зерттеуде қолданылатын Веб 2.0. технологиясының негізгі қызметтеріне тоқталсақ. Веб 2.0 технологиясының барлық қызметтеріннің ерекшеліктерін Вероника Диаз бен Патрисия МакГи аталған ерекшеліктері бойынша төмендегідей 1- кестедегідей топтастырады [3,72 б]:

Кесте 1 Веб 2.0 технологиясының дидактикалық мүмкіндіктері

Веб 2.0 технологиясының типтері Атқаратын қызметі Қызметіне мысалдар
Коммуникациялық Ақпараттармен және пікірлермен алмасу, шығармашылық өзара алмасу Мессенджер блоктар

Ішкі касталар
Топтық Бір жерге шоғырландырылған ортақ жобамен жұмыс Құжатпен жұмыс жасауға арналған виртуалды мәтін редакторлары

Виртуалды тәжірибе қауымдастықтары

Вики
Құжаттаушы Нәтижелерді,ой қорытуларды, мәліметтерді және т.б. жинақтау немесе көрсету Блогтар

Электрондық портфолио
Генеративті Басқалармен бөлісуге болатын жаңалық жасау Мэш апс

Виртуалды тәжірибе қауымдастықтары

Виртуалды оқыту әлемі
Интерактивті Ақпарат, тың ойлар, ресурстар, мәліметтермен алмасу Әлеуметтік белгілер
Виртуалды тәжірибе қауымдастықтары
Виртуалды әлемдер
Кестеде көрсетілген, Веб 2.0 технологиясының бес түрлі ерекшеліктері қазіргі білім беруде студенттерден қажет етіп отырылған іскерліктер.
Ал енді вики технологиясының бірқатар дидактикалық қасиеттеріне тоқталсақ оларға жататындар:
-жариялымдық( вики құжаты бір-бірінен шексіз қашықтықта барлық жобаға қатысушылар үшін қолжетімді болады) ;
-сызықтық түзетулер (бірінін үсті бірі хронологиялық тәртіппен өзгерту немесе қосу емес, ол (блог немесе веб-форум сияқты), жобаның әрбір қатысушысы бұрын сақталған құжаттың түпнұсқасына өзгертулер енгізе алады);
-құжаттың пайда болған тарихына қол жету ( құжаттың кез-келген жаңа және ескі нұсқалары серверлерде сақталған, қатысушылар құжаттың қашан және қай уақытта өзгергенін қадағалай алады;
-мультимедиялық (түрлі форматта вики құжаттағы мәліметтерді жасау кезінде пайдалану мүмкіндігі: мәтін, графика, фотосуреттер, бейне, аудио материал);
— гипертекст құрылымы (ішкі және сыртқы гиперсілтемелер жасау мүмкіндігі).
Жоғарыда көрсетілген вики технологиясынының барлық дидактикалық қасиеттері жазу дағдыларын қалыптастыратының ескеру қажет 2-кестеде вики технологиясының дидактикалық қасиеттері мен әдістемелік ерекшеліктері көрсетілген [4].

Кесте 2 Шетел тілін оқытуда вики технологиясының дидактикалық қасиеттері мен әдістемелік ерекшеліктері

Вики технологиясының дидактикалық қасиеттері Шетел тілін оқытуда вики технологиясының әдістемелік ерекшеліктері
Жариялымдық Қандай да бір қашықтықта тұрғанына қарамастан,Интернет жобаның кез-келген қатысушылары нақты бір вики құжатқа қол жетімді бола алады, себебі бұл технология шет тілін үйренушілер мен қатар сондай-ақ студенттердің оқудан тыс (лексика және грамматиканы) дамытуға бағытталған аспектілерін және сөйлеу әрекеттерінің түрлері (оқу, жазу) және әлеуметтік-мәдени, мәдениеттаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастырады.

Сызықтық түзетулер Вики технологиясы бір-бірінен қашықтықта орналасқан жоба қатысушылары үшін, бір құжаттың мазмұнын құруға және түрлендіруге мүмкіндік береді. Барлық өзгерістер мен толықтырулар хронологиялық тәртіппен бірінен үсті бірі болып орналаспайды, олар (блог немесе веб-форум сияқты) орналастырылады. Жобаның әрбір қатысушы құжаттың бұрын сақталған нұсқасына өзгертулер мен түзетулер енгізе алады. Вики технологиясының негізінде шетел тілінде коммуникативтік құзыреттілік әдістемесі аспектілерін құру кезінде, ол, бір жағынан, түрлі қатысушылар кезең-кезеңімен бір құжаттың әдістемесін құруға және ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан- жеке кезеңдерге (немесе қадамдарға) бөлінеді, яғни олар сөйлеу әрекеті (оқу, жазу) және (лексика, грамматика) аспектілерін дамыта қалыптастырады. Атап айтқанда, топпен жұмыс кезінде, біріншіден, әрбір жеке студентке өзінің жеке ойын немесе көзқарасының бір бөлігін вики құжатқа енгізуін ұсынуға болады,екіншіден грамматикалық және лексикалық дұрыстығы мен жүйелігіне қатысты түзетулер мен толықтырулар енгізу керек болып табылады.

Құжаттың пайда болған тарихына қол жету Құжаттың барлық нұсқалары мен өзгерістері серверде автоматты түрде сақталады. Егер қажет болса, жобаның әрбір қатысушысы құжаттың бұрынғы нұсқасына қайта оралуға болады немесе жобаға қатысушылардың құжатқа қашан өзгерістер енгізгенін қадағалай алады.
Мультимедиялық Вики технологиясы бір контентті немесе мазмұнды құру үшін әр түрлі материалдар яғни (мәтін, графика, фотосуреттер, бейне, аудио) форматтарында пайдалануға мүмкіндік береді. Вики технологиясының бұл мүмкіндігі лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени ақпараттарды байыту үшін қолданылады және есептік құжаттар, сауалнамалар, рецензиялар жасауға көмек береді.

Гипертекст құрылымы Бұл вики жобасындағы қатысушылар үшін басқа да Интернет жобасының қатысушыларына гиперсілтемелер жасауға және басқа да интернет ресурстарына гиперсілтемелер жасауға мүмкіндік береді. Ең маңызды өзектілігі ол жазу дағдысын қалыптастыруға, яғни, пікірлер, сондай-ақ баяндамалар мен презентациялар жасауға көмек береді.

Вики технологиясын келесі жағдайларда қолдануға болады ,олар:
1. Ұжымдық жобалармен бірлескен жұмысты ұйымдастыру құралы ретінде яғни олар шығармашылық жұмыстар: ертегілер, өлеңдер, эсселерді ұжымдық жасау;
2. Тұтас топ жазу жаза алатын электрондық тақта түрінде;
3. Ұжымдық жұмыстар қоймасы-мәліметтер базасы ретінде;
4. Кеңейтілген түрде оқу мәліметтері беру үшін.
Сызықтық құрылымы бар, яғни барлық хабарламалар хрорнологиялық тәтіппен орналасатын және құрушысы бір болатын блогтардан айырмашылығы Вики-оқу бетшесін құру үшін бастапқыда бірнеше топ студенттері жұмыс жасайды.
Ресей зерттеушілері П.В.Сысоев пен М.Н.Евстигнеев шетел тілін оқыту мақсатындағы әлеуметтік желі ресурстарын пайдалану арқасында дамитын қатысымдық сөз іскерліктерін сөз әрекеті түрлері бойынша топтастырады. Солардың ішінде шетел тілін оқыту мақсатындағы әлеуметтік желі ресурстары негізінде дамитын іскерліктер, олар [5]:
• Оқиғалар арасында уақытша және себеп-салдарлыққа байланысты анықтау;
• Суреттелетін фактілерді/оқиғаларды жалпылау;
• Ақпараттың тиімділігін/жаңашылдығын/сенімділігін бағалау;
• Фактілер/оқиғалардың дамуын/нәтижесін болжау;
• Негізгі ақпаратты жанама ақпараттан ажырату;
• Мәтіннен/мәтіндер тізбегінен маңызды ақпаратты таңдау;
• Қажетті фактілерді және мәліметтерді анықтау.
Вики технологиясы әлеуметтік желі ресурстарының бірі болып табылады сондықтанда вики технологиясының дидактикалық бірнеше мүмкіндіктеріне атап кеткеніміз жөн, олар:
Вики технологиясының бірінші мүмкіндігі-вики технологиясын әлеуметтік сервис ретіндегі ерекшелегіне оның бұқаралығын жатқызуға болады, өйткені вики мазмұны кең, аудиторияға қолжетімді және әрбір студент контент құруға және оны түзетуге өз үлесін қоса алады. Бұл өз кезегіңде пайдаланушының әріптестері алдындағы жауапкершілігін ынталандырады және студенттердің сын тұрғысын ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Вики технологиясының екінші мүмкіндігі- вики технологиясының шетел тілін оқыту барысында ескерілуі тиісті тағы бір маңызды мүмкіндігіоның интерактивтілігі, ол пайдаланушылардың өзара әрекеттестігі болып табылады. Бұл жазбаша қарым-қатынас дәстүрлі «студент-оқытушы» үлгісінде болмайды, студенттер мен оқытушы арасындағы байланыстардың әртүрлігімен анықталады. Сонымен бірге, Вики-оқу бетшелерімен жұмыс шетел тілін оқыту үрдісіндегі студенттердің жекелігін білдіруге мүмкіндік береді.
Вики технологиясының үшінші мүмкіндігі- «Вики» парақшалардағы барлық гиперсілтемелердің бір-бірімен байланысты болуы, яғни парақта және осы парақтарға сілтеме жасау қарапайымдылығы негізінде қол жеткізуге болады.Сондықтанда, көп кезде «Вики» парақшаларына жылдам өтуге, олар ұсынған мәліметтерге жауап қайтаруға және оны талдау мен қоса өз ой- пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
Вики технологиясының төртінші мүмкіндігі-ашылатын парақтарға авторлық құқық құпия беріледі. Оқытушы оқу жобалары шеңберінде студенттер жұмыс жасайтын тақырыпшаларды анықтайды, бірақтанда мәтінді топтың кез-келген қатысушысы толықтырып немесе өзгерте алады, бұл ұжымдық жұмыс жасау үшін тамаша базаны қамтамасыз етеді және студенттерге өзін білімісіз деп санаудан немесе басқалай талқылаудан қорықпастан өз ой-көзқарасын еркін білдіруге мүмкіндік береді.
Вики технологиясының бесінші мүмкіндігі-ұжымдық жұмыстың оқу тапсырмасын жеңілдетуінде. Міндеттер айқын анықталған студенттік ұжым жеке студенттер жасайтын мәлімметтен екі есе артық көлемдегі оқу мәліметін игереді.Оқу тобының әр мүшесінің екі-үш күн уақыты жұмаслуы мүмкін жұмыстар екі-үш сабақ ішінде жасалуға мүмкіндік береді.
Вики технологиясының алтыншы мүмкіндігі-аталмыш қызмет құрылымын қолданудың қатаң шекарасы мен шектеулері белгіленбеуі болып табылады. Ақпаратты рәсәмдеу ережелерін нақты бір тұлға белгілемейді немесе жүйе шеңберінде шектелмейді, ол белгілі тақырыппен жұмыс істеу мақсатында қалыптасады, яғни қолданушыға әр түрлі мүмкіндіктері бар, динамикалық жүйе беріледі және бұл жағдайда бұл жүйе оған дербес болуға және белсенді әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Вики технологиясының жетінші мүмкіндігі- әдіскер Е.Д. Патаракин атап көрсеткендей вики мәтіндері өзара ең қарапайым келген және дербестендірудің арқасында байланысты болуға мүмкіндік береді [6,7 б].
Вики технологиясының сегізінші мүмкіндігі-бұл әрбір вики парақшаларға енгізетін өзгерістерді оңай қадағалауға мүмкіндік береді.
Вики технологиясының соңғы тоғызыншы мүмкіндігі-вики технологиясы оқу үдеріс үшін тиімді технология және бұл технология оқытушылар мен студенттер арасындағы қатынастарды бұқараландыру, өйткені олардың арасындағы қатынас серіктестік сипатына ауысып,мәжбүрлеу және бағалау сипатын жоғалтады. Дербес тұлғалық бастама басымдылыққа ие болады, оқу әрекеті оқытушы мен студенттің бірлескен шығармашылық сипатына иеленуге мүмкіндік береді.
Вики технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі басты біліктердің бірі ол гипермәтіндер жасау мүмкіндігі болып табылады. Вики бағдарламалардың салыстырмалы қарапайымдылығына қарамастан, бұл біліктілікті студенттер бірден қалыптастыра алмайды,яғни гипермәтін құру міндетін шешу үшін тек ақпараттық қатысымдық құзыреттілікті ғана емес, және мәдениеатаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыру қажет. Ал вики технологиясы арқылы мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастырудың ұсынылып отырған әдістемелік жүйесінің келесідей құрамдас бөлшегі оқыту құралдары ал оқыту құралдары бұл тәжірибелік оқытудың қойылған мақсатына тиімді уақыт ішінде табысты қол жеткізілетін оқыту үдерісі құралы болып табылады. Вики технологиясы мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін дамыту барысында қолданылатын құралдарға келесідей құралдар жатады, олар:Вики оқу бетшелері, гипермәтіндер, көрнекі ақпараттар олар көрнекілік, фотосуреттер, сызбалар мен кестелер және т.б., таңбалы құралдар олар, сызбалар, сандар, күндер, диаграммалар, оқытылатын тіл мен туған елінің мәдени-танымдық дәстүрлері. Студенттердің мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін Вики технологиясы арқылы дамытудың тәжірибелік әдістемесінің болмауы, студенттердің мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін вики технологиясы арқылы дамыту үдерісінің әлеуметтік жүйесін жасау қажеттелігін тудырды. Берілген 3-кестеде вики технологиясы арқылы мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыру әдістері қарастырылған.

Кесте 3- Вики технологиясы арқылы мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыру әдістері

Әдістер Оқытудағы қолдану саласы Іс-әрекет
Ақпараттық-шығармашылық Вики беттерімен жұмыс істей отырып жаңа ақпарат көздерін алу Студенттердің өз бетінше еркімен іс-әрекеттері;
Бір жерде білім алатын студенттердің біріккен іс-әрекеттері.
Интерактивтік Тапсырманы орындау үдерісінде студенттер бір-бірінің вики беттерін толтыра отырып, өзара әрекеттестік үрдіске тартылады;
Мұғалім мониторингті жүзеге асыра алады. Студенттердің өз бетінше еркімен іс-әрекеттері;
Бір жерде білім алатын студенттердің бірікккен іс-әрекеттері;
Мұғалім іс-әрекеті.
Қатысымдық Студенттер вики технологиясы негізінде ақпаратты дискусиялау және кретериялау мақсатында қатынас үрдіміне тартылады, шетел тілі негізгі қатынас құралы бола алады. Бір жерде білім алатын студенттердің біріккен іс-әрекеті.
Кретивтік Вики оқыту беттерін дайындап, проблемаға өз ой көзқарасын білдіріп, студенттер өздерінің контенттерін құра алады. Студенттердің өз бетінше еркімен іс-әрекеттері
Бақылау Оқыту үрдісіңде өзін-өзі қадағалау, өзара қадағалау, мұғалімнің қадағалауы Студенттердің өз бетінше еркімен іс-әрекеттері;
Бір жерде білі алатын студенттердің біріккен іс-әрекеттері;
Мұғалім іс-әрекеті
Вики технологиясы негізінде мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін дамытудың әдістемелік жүйесінің тағы бір құрамы оқыту мазмұны болып келеді. Ғалымдар Э.Г.Азимов және А.Н.Щукиннің түсіндірмесі бойынша, жалпы алғанда оқыту мазмұн ұғымын студент оқу үдерісінде игеруге тиісті нәрселердің бірлестігі негізінде сиппатауға болады [7,92 б].
Қорыта келгенде,әлеуметтік желі ресурстары студенттердің ақпараттарды талдау және алу дағдысын қалыптастыру, олардың ақпараттық қызметтің маңызды біліктерін игеру қабілетін арттырады. Вики технологиясының пайдалану негізінде студент білімді дайын күйде оқытушы түсіндірмесінене ғана алмай,өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық жаңалық ашууы шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында әр түрлі жұмыстар жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігімен қоса жауапкершілігін сезінуі артып, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өз бетімен қорытынды жасап, сөйлеу мәдениетінің деңгейі қалыптасады. Адам әрекетінің барлық саласындағы қызметтестіктердің кеңеюіне байланысты шетел тілін мәдениетаралық қатысым түрі ретінде игеру талаптары күшеюде.

Әдебиеттер тізімі:

1. Құнанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории. – Алматы: Эдельвейс, 2005. –205-207 с.
2. Колесникова И.Л. Функционально-содержательный подход при отборе текстового материала для професссионально направленного обучения коммуникативному чтению // Функционально-содержательный подход в обучении иностранному языку в языковом пед.вузе. – Ленинград, 1987. – 270 с.
3. Палкова А.В. Применеие сервисов Веб 2.0. в преподовании иностранных языков.-Преподование иностранных языков в мультимедийном пространстве:сб. Науч.ст.-Тверь:Твер.гос.ун-т,2012.- 69-85 с.
4. Маркова Ю.Ю. Методика развития умений письменной речи студентов на основе вики-технологии (английский язык, языковой вуз) : дис. … канд. пед. наук. М. :МГГУ им. М.А. Шолохова, 2011.
5. Сысоев П.В. Современные информационные и коммуникационные технологии: дидактические свойства и функции // Язык и культура. 2012. № 1. С. 120–133.
6. Патаракин Е.Д. Формы сетевого сотрудничества. Educational Technology & Society.-2004. URL: http://www.ict.edu.ru/fV003854/patifets04.pdf
7. Азимов Э.Г.,Щукин А.Н. Словарь методических терминов (теория и практика преподования языков(.-СПб.:Златоуст,1999.-472 с.

М.Қ.Үндібаева
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, 2-курс магистранты

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА