29.02.2024

«Түркітілдес журналисттер қоры» қазақ журналисттеріне тегін білім берді…

2016 жылдың 29 — 30 қаңтарында Астана қаласында қазақ журналисттері үшін «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ – ның ұйымдастыруымен «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбында тегін семинар — тренинг өтті. «Шеврон» компаниясы демеушілік еткен бұл шарада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері экономикалық журналистика, онлайн медиа, жаңа IT технологиясын журналистикада тиімді пайдалану тәсілдеріне қатысты тәжірибелерімен бөлісті.

«Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы:

DSC_4244-768x512 (1)«Бұл біз ұйымдастырған екінші семинар — тренинг, алғашқысы 22 — 23 қаңтар күні Алматы қаласында өткен болатын. Бұл жолғы Астана қаласында қазақ журналисттері үшін ұйымдастырылған семинар — тренингке Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Петропавл қалаларындағы тәуелсіз БАҚ қызметкерлері қатысуда. Басты мақсат – журналисттердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруге ықпал ету», – деді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, журналисттерге арналған алғашқы семинар — тренинг Алматы қаласында 22 — 23 қаңтарда өткізілген. Оған Ұлыбритания мен Түркиядан дәріскерлер қатысқан. Астанадағы семинардан кейін 5 — 6 ақпанда Атырау қаласында да қазақ журналисттерге арналған тегін семинар — тренинг ұйымдастырылмақ. Аталған шараларға Атырау, Ақтау, Ақтөбе, қалаларынан журналисттер шақырылған.
«Түркітілдес журналисттер қоры» Қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Мақсаты – Қазақстандағы және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Татарстан, т.б. түркі мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен серіктестік орнату, іскерлік ынтымақтастықты арттыру, тығыз қарым — қатынаста болу, тәжірибе алмасу. «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ қазақстандық журналисттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі тегін семинар — тренинг, шеберлік сабақтарын үздіксіз өткізуді жоспарлауда. Қордың жанынан «Қазақстандағы Әйел журналисттер» клубы мен «Жас журналисттер» клубы құрылған. Аталған клубтардың міндеті мен мақсаты «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ ұстанатын қағидаларымен ұштасады.

image-29-01-16-03-51-3-200x300Аталған шараға тікелей қолдау көрсеткен «Шеврон» корпорациясы. «Шеврон» корпорациясы – әлемдегі аса ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компанияның бас кеңсесі Сан — Рамон қаласында (Калифорния, АҚШ) орналасқан. «Шеврон» өзінің қызметін әлемнің 100 — ден астам елінде жүзеге асырады және мұнай — газ өнеркәсібінің барлық ауқымы бойынша, соның ішінде мұнайды геологиялық барлау мен шығару, өндіру, сатып өткізу мен тасымалдау, мұнай химиясы өнімдерін өндіру мен сату саласында, сондай — ақ геотермия және электр қуатын өндіру саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңғыртылатын қуат көздері мен озық технологияларды дамытуға инвестициялар құяды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке меншік мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің аса ірі екі кен орны – Теңіз бен Қарашығанақтағы айтарлықтай акциялар пакеттерін иеленеді. Корпорация, сондай — ақ, Каспий құбыр консорциумындағы аса ірі жекеменшік акционерлер қатарында.

12642627_747172372051099_2340056925354483060_nАталған іс шараға «Қазбілім» порталының бас редакторы ретінде қатысқан мен «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызынан және медия тренерлер Нұрлан Жанай мен Ербол Серікбайдан журналистикада жаңа технологияны қолдану, ақпарат берудегі уақыт пен сапалы жұмыс істеудің қыр — сырын жетік меңгердім.  Назия Жоямергенқызы бастаған тренерлерден жаңа медиа саласы бойынша терең білім, тың ойлар алдық…

Семинар – тренинг соңында шараға қатысқан барлық журналисттерге сертификаттар таратылды. Қатысушы барша журналисттер өз алғыстарын білдіріп, бұндай семинар — тренингтердің үздіксіз жалғасып тұрғанын қалайтындарын білдіріп, медиа — тренерлерге рахметін айтып, қимастықпен қоштасты.

«Қазбілім» порталының бас редакторы — Аятжан Ахметжан.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақ білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болуы қажет – жас ұстаз

Қазақстандағы білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болу керек пе? Мектеп директорлары мен мұғалімдер алдында тұрған басты міндеттер қандай? Міне, осы орайда еліміздегі «Білім берудегі...

Білім беру саласында қаржы жымқыру қалай жүзеге асқаны анықталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру жүйесінде ақша жымқырудың алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. 2023 жылы білім беру жүйесінде сыбайлас...

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...