Home Редакция таңдауы Білім күні құтты болсын қадірлі оқырман!

Білім күні құтты болсын қадірлі оқырман!

0
Білім күні құтты болсын қадірлі оқырман!

Күміс қоңырау үнін сыңғырлата, шәкірттерді алтын ұясына асықтыра биылғы жаңа 2015 – 2016 оқу жылы да басталды. Жақсылық пен жаңалыққа толы жаңа оқу жылы табысты болады деген сенімдеміз. Еліміздің тағы бір жас ұрпағы әліппені алуға асығып, алғашқы ұстаздарымен қуана қауышты. Жылдың ең жақсы бір жаңалықтарының бірі – биылғы алғаш мектеп табалдырығын аттаған әрбір бірінші сынып оқушысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын сыйға алуы. Әрқашан білім бәсекесінің барынша дамығанын көздейтін Елбасымыз шәкірттерге өз тілектестігін осылайша білдірді.

         Ұстаздық жолды қасиетті санап, талай баланы сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге баулыған тәжірибелі ұстаздарымызды жаңа оқу жылымен құттықтаймыз! Ұстаздық жолда шығармашылығын шыңдап, білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, талай шәкірттерге өзінің бойындағы асыл қасиеттерін сыйлап, жан жылуын аямай, шәкірттерін жан – жақты дамыта білген аяулы ұстаздарымыз бүлдіршіндерін асқар таудай азамат ететініне сеніміміз мол.

Еліміздің келешегі – шәкірттерімізге таудай талап тілей отырып, бағындырар биіктерің көп болсын деген тілек білдіреміз.

Алғашқы білім күні – әрбір оқушы үшін есте қалар ерекше кезең. Әсіресе, бірі тұңғышын, бірі кенжесін қолынан жетектеп, алтын ұясына жетелеп әкелген ата – аналар үшін көңіл толқитын сәт. Ендеше, ата – аналарымызды да жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, баулыған қырандарыңыз үміттеріңізді ақтасын, білімді, білікті азамат болсын деп тілейміз.

Барша, Қазақ елі! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білімнің бәсекесіне қаймықпай батыл қадам жасайтын шәкірттеріміз көп болғай! Ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болсын! Ел ертеңі еңселі, тәуелсіздігіміз тұғұрлы болғай!

Қазбілім порталы

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here