-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

2015-2016 оқу жылына 32 мыңнан астам грант бөлінеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015-2016 оқу жылына 32 мыңнан астам грант бөледі. Бұл туралы аталған ведомстводан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына орай мәлім етті.

Ведомство ақпаратында қарағанда, ағымдағы жылы білім гранттарын беру тәртібінде еш өзгеріс орын алмайды. Гранттар байқау негізінде беріледі. БҒМ мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында салалық органдардың сұраныстарын ескеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденцияларына арқа сүйейтін болады.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы қаулы жобасы бекітілуге дайындалу үстінде. Жобада 32 788 орын қарастырылған, оның ішінде 500 орын сырттай оқу бөліміне қарастырылып отыр», — делінген министрліктің ресми жауабында.

Индустриалды-инновациялық даму басымдықтарына сәйкес металлургия, геологиялық барлау, автомобиль және автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі технологиясы, құрылыс материалдары өндірісі, темір жол техникаларын жасау, мұнай химиясы сынды мамандықтарға гранттар бөлінеді.

«Сонымен қатар педагог кадрларды дайындауға да гранттар қарастырылады. Бұған қоса, инновациялық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да зор көңіл бөлінеді», — делінген ведомство ақпаратында.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...