27.07.2024

Құрсабаев Мұхамедрақым. ИНТЕРНЕТ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Тәуелсіз Қазақстанның соңғы жылдар тізбегіндегі аса ірі жетістіктері (халықаралық OSSE және OIC Төрағалық ету, London 2012 Олимпиадасы, 47 UNWTO Ассамблеясы) арқасында біздер 2017 жылы Астана қаласында Бүкіләлемдік «EXPO Astana kazakhstan» Көрмесін өткізуге бұрын соңды болмаған ерекше тарихи оқиғаның куәгері болғалы отырмыз. Бұл біз үшін де, бүкіл адамзат үшін және өскелең жас ұрпақтың жас қанатына жаңаша серпін, қажыр-қайрат және ғылыми һәм біліми намысын оятатын ХХІ ғасырдың бір кереметі десек болады.

Қазақ Елі бүгінде әлемдегі ең жас ұлттар қатарынан табылуда. Біздің демографиялық көрсеткішіміз жаһандық глобализация мен ақпараттық технология жетістіктерінің сандық форматқа ұласуы қарсаңына дөп келуі ғажап құбылыс. Дәстүрлі білім мен ғылыми жаңалықтар тәжірибесі бүгінде ұдайы жаңару мен серпіндіру процесін қажет ететін тұтас ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын қалыптастыруда.
Өз елінің болашағы мен жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мен ғылым нәрі арқылы нұрландыруды мақсұт еткен дарынды да парасатты ұрпақтың интеллектуалдық құзырлығы мен танымдық зердесін объективті тұрғыда бағалайтын іргелі орталықтардың пайда бола бастауы – жаңа заманның жарқын бейнесі мен сындарлы талап-тілегі екені ақиқат. Олардың қатарына Thomson Reuters, Springer, Elsevier, Autostream, Slide Shape, OS, AAAS сынды замануи жаңалықтар мен озық тәжірибелерді сарапқа салып, айтулы жетістіктердің адамзаттың ортақ интеллектуалдық қазынасына айналуына мүмкіндік туғызып жатқан жаңа буындағы ғылыми-зерттеу мен талдау-ақпараттық орталықтарды айтуға мұқтажбыз. Мұндай зор мүмкіндіктердің біріне ұстаз бен шәкірт арасындағы ғылыми байланыстың жаңа деңгейге көтеріліп, өткен дүниелердің құндылығын сақтай отырып жаңа жүйенің қалыптасуына ерекше ынта мен жігер қалыптастыратын құбылысты байқаймыз.
q94Dz9X059HSEM54OtL45IWwhAQFhfМектеп және басқа оқу орындарындағы ғылыми-ақпараттық технологиялар ықпалынан туындай бастаған жаңа бағамдар мен ауқымды ұсыныстардың күн санап ерекшелене түсуі – болашақ моделін жасаушы жас ұрпақтың санасына күрделі ой салып отырғаны жаңсақ емес. Демек, дәстүрлі білім мен тәрбие құндылықтарын сақтай отырып, бүкіл адамзатқа ортақ жаңаша технологиялар мен үлгі-жобаларды, өз ортамыз бен мүмкіндіктерімізге ыңғайластыра отырып, батыл шешім қабылдау заманы келді, қырандар!
Оған соңғы жылдар құрлықты масштабты қамтыған «Tempus-V» және «Erasmus Mundus» ғылыми-зерттеу жұмыстарына жас ғалымдармен бірге мектеп оқушыларының да ат салысуы, сондай-ақ Астанада өткен «Worlddidactic-2013» интерактивті және электронды оқыту технологиясына арналған ауқымды шаралардың қолға алынуы жаңаша ой тұжырымдайтын ұрпақ санасының таным кеңістігін ұлғайтуға ұйытқы болары анық.
Міне, елордамыздың төрінде 2017 жылы өтетін айтулы ірі оқиға – жоғарыда айтылған ұсыныстар мен тұжырымдарды, түпкір-түпкірлерде қайта ой елегінен өткізіп, әр өскіннің өне бойынан ұшқын алған зерде сарайынан бастау алып, ұстаз бен шәкірт арасындағы ынтымақтастықты бұрыннан бетер нығайта түсуіне мұрындық болары сөзсіз.
Сол себепті, жер-жерден келіп түскен хаттар мен электронды ресурстар негізінен әр адамның жеке пиғылы мен шешімі арқылы өрбігені абзал. Жаңа заман жағдайы осы уақытқа дейін зерделеніп, кей жағдайда ендіріліп келген әлемдік озық тәжірибелерді ендігі арада, заман талабынан туындаған қажеттіліктермен ұштастыруы керек.
«Оқу – инемен құдық қазғандай» деп ата-бабаларымыз айтқандай бүгінгі заман – білім мен ғылымның біз үшін де, болашақ үшін аса қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеп берді.
Бүгінде білім мен ғылым кеңістігі өзінің танымдық географиясын күн санап ұлғайтуда. Уақыт мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасында ерекше ынтымақтастық пен ғылыми-шығармашылық байланыстардың бұрыннан бетер нығая түсуін қажет етіп отыр. Оның айқын бір көрінісі мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ғылыми жобалар сайысының тек қана біздің шаңырағымызда емес, тәуелсіз еліміздің түпкір-түпкірлерінде аса тартымды, аса қызықты өткізіліп жатқанының айғағы десек болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясында аталып өткендей мемлекетіміз білімді дамытудың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастыруда.
Еуропалық және көптеген жерлердегі жүзден астам жоғарғы оқу орындары өз еріктерімен бас қосып, болашақ білім кеңістігін ортақ мүдде мен ғылым жаңалықтары мен озық технологияларды бірлесе отырып игеруда пайда болған Болон процессінің айырықша баптарының біріне 12 жылдық білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Демек, Болон процессі тек оқу орындарының перспективалық даму бағытын орта білім жағдайын толыққанды білмейінше, немесе тығыз қарым-қатынас орнатпаса өз деңгейінде дұрыс көз алдына елестете алмауы мүмкін. Осы орайда, біздер мектеп оқушыларын, әсіресе олардың болашақта білікті маман иесі болу мүмкіндігін таңдауына зор ыждаһатпен, үлкен жауакершілікпен қараймыз.
Қазақстанның 2017 жылы Бүкіләлемдік ЕХРО 2017 көрмесін ұйымдастыруға мүмкіндік алғаны аса ерекше тарихи оқиға. Оған бүкіл Жер шарынан 5 млн.астам адамдардың келуі, жалпы туған жеріміз бен ұлттық қазынамыз жөнінде барша жұртшылық мол ақпарат алып, мемлекетіміздің бүгінгі жайы мен экономикасы, тарихы мен мәдениеті, халқы мен жер байлығы һақында жер-жерлерде ой тастап, ауқымды масштабта қоғамдық пікір қалыптастыруға мұрындық болатынын естен шығармаған жөн. Ал, осы іске республикалық масштабта мектеп оқушыларының ат салысуы, ат салысумен қатар өз ойлары мен нақты ұсыныстары туралы мәнді де, мазмұнды тұжырым жасауы ерлікпен пара пар дер едім. Сол себепті, осы қол жеткізген табыстарыңды сол күйінде қалдырып қоймай, кейін жоғары оқу орны студенттері атанғанда ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстар тақырыбы ретінде одан ары зерделеу ісі ғылыми дәстүрге айналса игі болар еді деп санаймыз.
Шындығына келгенде, аталмыш жоба қатысуға тілек білдірген жас ұландардың зерттеу жұмыстары бізді қатты таңырқатты деуге болады. Еліміздің еңсесін биіктететін мұндай маңызды шараларға жас ұрпақ өкілдерінің назар аударуы, қандай адам болмасын қуантпай қоймайтыны анық. Өз елінің өскенін, дамыған мемлекеттермен терезесі тең болатындай парасатты жанқиярлық еңбегін паш еткен жас ұрпақтың ерен еңбектері мен айтулы көрсеткіштері қай жерде болмасын өзгеше бағаланады және басқаша қабылданады. Сондықтан, өз еңбегін елінің болашағына арнаған еңбектердің бастауы бүгінгідей Алқалы жиындардан тұсауын кескені – өнегелі ұрпақтың танымдық деңгейін бағамдайтын жауапты тұс. Ендеше, еңбектерің жанып, арман-мұраттарың асқақтай берсін дегім келеді.
Сіздерге біз тарапымыздан қолымыздан келгенше барлық жігеріміз бен тәжірибелерімізді арнап, қажет жағдайда кеңес беруге, тәлімгерлік ой бөлісуге, өз кезегінде отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары мен түрлі бағыттардағы гранттарға қатысуда бірлесе отырып жұмыс істеуге дайын екенімізді жеткіземіз. Болашақта аталмыш бастамамыз көпшілік талқысына түскен, сіздердің ой-пікірлеріңізбен ұштасқан салиқалы идеяға айналып, қоғам дамуына қажетті жекелеген мамандықтар түрлері бойынша жүйелі түрде жалғасын тапса дейміз. Атап айтқанда, құқықтанушылар мен қаржыгерлер, немесе туризм мен экология саласы бойынша арнайы мамандандырылған форматта республикалық һәм аймақтық сайыстар ұйымдастыру орынды болар деп ойлаймыз.
Ендігі арада қол жеткізген аталмыш жетістіктерімізді одан әрмен бағамдап, толықтырулар мен өзгертулер енгізіп Республикалық жас зерттеушілер Ассоциациясын құру идеясын Сіздерге жеткізгім келеді.
Оқу мен ата кәсіпті бірге ұстанып, ата-баба дәстүрін қастерлеп, қол жеткізген ғылыми-шығармашылық табыстарды саралай отыра, болашақта өз елінің шынайы азаматы, туған елінің қамқоршы жанашыры және ел экономикасының гүлденуіне қомақты үлесін қосатын дарынды тұлғасы боларсыңдар деген сенімдемін.

Профессор Құрсабаев Мұхамедрақым Қыдырбайұлы. Астана қаласы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА