23.05.2024

«Медиа білімі» ақпараттық ағым дәуіріндегі жасөспірімдер дамуының кемелі

Медиа білімі ұғымы – әртүрлі көзқарастар

Ақпараттың қазіргі кезде бұрыңғысынан ауқымды түрде және оңай жеткізілуі, оның әсері, мағынасы мен күнделікті өмірде қолданылуына қатысты айтарлықтай сұрақтар тудыруда. Электрондық ақпарат күнделікті қажеттілігіміздің айырылмас бір бөлігіне айналды. Қарым қатынас медиа негізінде іске асырылып, байланыс түрлерінің дамуы қарым қатынас жасауымызды өзгертіп қана қоймай өзіне тәуелді етуде. Әсіресе, жасөспірмідердің медианы жоғарғы дәрежеде қолдануымен көп уақтын өткізуі және ақпарат құралдарындағы насихаттардан физикалық, эмоциялық және әлеуметтік тұрғыдан әсерленуі педагогтарды көптен алаңдыра бастаған.

Әзірге медиа білімі термині туралы белгілі бір ұғым қалыптаспаған және ортақ ұғымның қолданылмауы әр түрлі көзқарастардың айтылыуынан болса керек. Бұған қатысты көзқарастарды үшке бөлуге болады:

  1. Кәсіпқой журналист, сценарист, режиссер, оператор, және актерларды т.б. оқыту;
  2. Жоғарғы оқу орындарында «медиа білімі» мамандарын дайындау;
  3. Медиа білімін жоғарғы оқу орны және орта білім беру пәндеріне қосымша немесе өз алдына бөлек бір пән ретінде енгізу (таңдамалы дәріс, курстық пән т.б.).

Медиа білімі ұғымының қолданыс аясы кеңдігінен «медиа білімі» терминімен синонимдес «медиа сауаттылық», «ақпарат сауаттылығы», «мультимедиа сауаттылығы», «медиада қабілеттілік» терминдері де қолданыста. Медиа білімі аталымы көбінесе Ұлы Британияда, Испан және Француз тілдері сөйленетін мемлекеттерде қолданылуда. Бұл айырмашылықтың себебі де «сауаттылық» (literacy) терминінің тура мағынасын беріп аударылмағандығы, сондықтан «медиа білімі» мен «медиа сауаттылық» әлі күнге дейін алмастырыла қолданылуда. Терминдердің Қазақстандағы қолданыс аясына келетін болсақ, Қазақ тіліне «медиа біліміне» (media education) тура аудармасы жасалған. Алайда, «медиа сауаттылық» аталымын, медиа білімін беру барысында оқушылардың «медиа сауаттылығының» (media literate) артуы яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, әр түрлі ақпараттарды қабылдау және түсіне білуі кезінде қолданылатын термин ретінде енгізген дұрыс.

Меди Білімі дегеніміз не және неліктен қажет?, сұрақтарына оның маңыздылығымен қолданыс аясын танытатын көптеген жауаптар мен анықтамалар берілген.

ЮНЕСКО тарапынан берілген бір анықтамада, «(…) жастардың шығармашылық және ақпаратты түсіне сын айта білу қабілетін дамытады. Медиа білімі, медиа туралы үйрену және оқыту болып табылады. Медиа білімі, медиа арқылы оқытумен шатастырылмауы қажет» денілген.

Басқа бір анықтамада, «Медиа білімі, бір бірінің орнына қолданыла алатын «медиа білімі» және «медиа сауаттылық» терминдерінің жалпы ұғымы. Медиа білімі: тіл пәндері, тарих немесе жағрафия, немесе жаратылыстану пәндерінде қолдануға болатын ұғым» болып табылатындығын көрсеткен.

Жоғарыда берілген анықтамалар айтарлықтай педагогтардың медианы оқыту және медиа арқылы оқыту пікірлері қарама қайшылығын көрсетуде. Алайда, медиа білімі мемлекеттің білім беру системасы, ауданына, ұлт, жергілікті халық, жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың қажеттіліктері негізінде оқытылатын педагогикалық бағыт. Сонымен қатар, медиа білімін оқу бағдарламасына енгізу үшін басты екі шарт: технологиялық жабдық және мұғалімдердің бұл алаңда білікті болуын талап етеді, ал бұл шарттарды орындау қайтадан мемлекеттің экономикалық, мәдени және әлеуметтік болмысына байланысты.

              Өзге елдерде медиа білімі

Медиа білімін оқыту, мысалы, 1960 жылдан бастап ақ алғыщқы рет АҚШта, Канада, ҰлыБритания, Австралия және Францияда мән беріліп, қолға алынған. Сол кезден бастап ақ, медиа білімі жасөспірімдердің медиадағы әлем мәдениетін білу, медиа тілін үйрену және бұқара ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін түсіне білуін үйретуді мақсат еткен. Аталмыш мемлекеттерде медиа білімі өз алдына жеке пән және басқа пәндермен бірге оқыту әдісі ретінде де енгізілген болатын.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде (50ден астам) медиа білімі 1930 жылдардан бері бар, бірақ соңғы отыз жыл ішінде дамыған мемлекеттерде аса мән беріліп жылдам қолға алынғаны ақиқат. Мұны ескерсек, медиа білімінің Түркияда жаңа енгізілгенін айтуға болады. Медиа білімін қолға алудың алғашқы қадамы 2005 жылы Радио және Теледидар Жоғарғы Құрымы, Білім Министрлігі мен Мармара Университеті Коммуникация факультетінің дайындауымен өткізілген конференцияда жасалды. Осылайша Түркияда енгізу 2004 жылы басталып әрі қарай дамыту бағдарламасын жасауға арнайы комияссия ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама бойынша алғашқы рет 2006-2007 оқу жылдары үшін сынамаға Адана, Анкара, Ерзурум, Ыстамбұл және Измир қаларының кей мектептері алынды және 30 гуманитарлық пәндер мұғалімдері арнайы дайындық семинарларынан өткізілді. Ал, бағдарламаның үшінші деңгейі 2007-2008 оқу жылдарында, медиа білімі 81 елді мекенінің 35 мың мектебінде (6,7,8 сыныптарында) «таңдамалы пән» ретінде оқытыла бастады. 2008-2009 оқу жылдарында болса, медиа білімі «таңдамалы пән» ретінде жалғасын тауып, Ыстамбұлда 600 және Анкарада да соншалықты мектепте 6,7,8 сыныптарында оқытылып 400 мыңнан астам оқушы пәнді таңдаған.

Негізінде, медиа білімін енгізу тек «қорғаныш» мақсатында жасалған ауқымда іс шара болып қана қоймай, бұқара ақпарат құралдарын дұрыс пайдалануды үйрететін маңызды әдіс болып табылады. Күнімізде кең таралған теледидар бағдарламалары, компьютерлік ойындар мен жаңалықтар, тіптен мультфилімдердің жасөспірімдердің сана сезіміне, тәрбиесіне теріс әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бұл, жылдам әрекетті қажет ететін проблема болып табылады. Мемлекеттердің экономикалық даму барысын ескерсек, жоғарыда көрсетілгендей дамыған мемлекеттер медиа білімін оқытуда алда келеді.

              Қазақстанда медиа білімі

Жетістіктерімізге қарамастан, Қазақстанда білім беру жүйесіне толық қанды енгізіліп,  не басқа пәндермен не жеке пән ретінде оқытылмауда. Әр жеке тұлғаның күнделікті шамамен 3-4 сағатын теледидар қараумен өткізетінін және медиа технологиясын үздіксіз қолданатындығын ескерсек, тұлға медиа білімін оқу ордасында емес сырттан алатыны ақиқат. Сонымен қатар, Қазақстанда бұқаралық ақпараттардың жасалуы шет елден келетін ақпараттардан әлдеқайда аз таратылуы және онымен келетін мәдениеттің әсерінен өз ғұрпын аяқ асты етуі айтарлықтай жәйт. Медиадағы зорлық зомблық пен қатігездіктің көрінісі жасөспірімдердің іс әрекеттерінен де көрінуде. Мысалы, Шымкент қаласы Қазақстанның үлкен қалаларының бірі және басқа облыстарға қарағанда салт дәстүрін нық ұстаған. Бұған қарамастан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 70% қалада орын алуда, ал қалғаны ауылды аймақтарда орын алады екен.

Оңтүстік Қазақстанда медиа біліміне жүргізілген сауалнама

Қазақстан медиа білімін енгізу үшін жоғарыда көрсетілген басты екі шартты (технологиялық жабықтау және мұғалімдердің дайындығы) орындауда қаншалықты мүмкіндігі бар, бұл медиа білімі маңыздылығын арттыруда. 2008 жылдары Шымкенттегі 81 мектептің әрбірінде  шамамен 2 – 3 компьютерлік дәрісхана болғандықтан  оқушыға 50 оқушыға бір компьютерден келген. Сонымен қатар, тек 30 мектебінде мультимедиа дәрісханалары бар болатын. Әрине, бұл көрсеткіштер қазіргі мәліметпен салыстарғанда төмен көрсеткіш. Алайда, Оңтүстік Қазақстанда Білімді дамыту бағдарламаларында технологиялық жабдықтаумен одан әрі толықтырылатыны көрсетілген.

Мұғалімдердің бұл алаңда білікті болуы да медиа білімін дамытудың маңызды бөлігі. Қазақстанда жоғарғы оқу орнында медиа білімі мамандығы мен және педагогикалық мамандықтарда медиа элементтері енгізілмеген. Бұл себептен орта мектептерде медиа білімі оқытылмағандығын және медиа элементтерінің қолданылмағандығын айтуға болады.

2008 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында орналасқан ауылдын шағын бір орта мектебінде медиа білімінің жалпы ұғымы туралы ауыл аймақтағы оқытушалырдың түсінігін, сабақтарда басқа пәндерге кірістіре оқыту үрдісінің танымдылығын, оқушылардың медианы қолдану аясын анықтауда сауалнама жүргізген болатынмын. Жүргізілген сауалнама қорытындысына қарайтын болсақ, сауалнамаға қатысқан екі сыныпқа (8 – 9 сыныптар) сабақ беретін он бес мұғалім «медиа білімі» аталымын «мультимедиялық дәрісімен» шатастыруда. Мультимедиялық дәрісханадағы сабақ, медиа материалдарын қолдану арқылы оқушының ақпаратты түсінуі мен басқа пәнмен байланыстыра алуын көздемейді, мультимедиялық дәріс; технологияны қолдану арқылы негізгі пәнді жылдам оқыту және түсіндіру болып табылады. Бұл мәселедегі алғашқы қадам бұқаралық ақпарат құралдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана білудің негізін жасау болып табылады. Себебі, мұғалімдердің өздері бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, оның оқушылардың сана-сезімін қалыптастырудағы алатын орнын түсінбейінше, тиісті нәтижеге қол жеткізу қиын. Оқушылармен жүргізілген екінші сауалнамада мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің медиа және медиа технологиясын орталама қолдану шамасын белгілеу көзделген. Сауалнамаға қатысқан 80 оқушы (8 – 9 сыныптар) орта дәрежеде медианы қолданатындығын көрсетті. Мысалы, оқушылардың ең көбі теледидар (68 оқушы) мен интернетті жиі (53 оқушы) қолданысқа енгізген, ал қалғаны мектепке берілген газет, журналға қол жеткізе алатынын (25 оқушы) бірақ өте сирек қарайтынын айтты, 32 оқушы болса радионы арнайы тыңдамайтынын тек құлақ қағыстан тыңдайтынын айтты.

Бұл келтірілген көрсеткіштер мен ақпараттың жылдам таралуы медиа білімін енгізудің ең маңызды себептері. Сондықтан, Қазақстанның экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағдайын, арнайы медиа білімін беретін мамандардың болмағандығын ескере отырып, әзірге медиа білімін негізгі пәндермен бірге және медиа арқылы оқытылғаны қажет. Ал басқа пәндерге енгізудің негізгі моделі қажет және бұл медиа білімін оқытудың жоспарын жасауда жеңілдік береді. Еңгізілетін модель медиа білімін оқыту кезінде керекті қағидаларды орнатуы қажет, әр елдің білім жүйесіне қарай өзгертілу ықтималы жоғары болуды керек етеді. Сондықтан, Қазақстан үшін қаншалықты тиімді, одан әрі зерттеуді қажет етеді.

Дана Алтынбекова
Еуразия ғылыми зерттеу институты
-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА