Балабақшалар мен кезекші топтар жұмысы да онлайн форматқа көшті. Бұл туралы Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова мәлім етті.
Бүгіннен бастап барлық оқушылар қашықтықтан оқиды. Балабақшалар мен кезекші топтар да онлайн оқымақ, – деді Лаура Дисюпова.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жылу жетіспеушілігіне шағымдануда.
Еске салайық, 6 ақпан күнгі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қаланың ЖЭО-сында төрт қазандық жұмыс істеп тұрған.