-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Асхат Аймағабетов Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Amanat партиясының атынан Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді.

Съезд делегаттары партия атынан Мәжіліс сайлауына ұснылатын кандидаттар тізімін бірауыздан мақұлдады. Солардың ішінде Асхат Аймағамбетов те бар.

Айта кетейік, съезд барысында сөйлеген сөзінде Асхат Аймағамбетов 21 жаста жергілікті мәслихат депутатының мандатын қалай атқарғанын еске алды.

«Мен бұл уақытта екі мәселені түсіндім. Біріншісі – жалғыз депутат үлкен, жүйелі мәселелерді шеше алмайды. «Жалғыздың үні шықпайды», — дейді ғой. Екінші мәселе – елімізде үлкен, саяси трансформация болмаса, онда бұл бастамалар бекер, үлкен жүйелі мәселелер шешілмейді. Қазіргі уақытта, менің ойымша, елімізде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Осы өзгерістердің бір заңды жалғасы ретінде қазір болайын деп жатқан сайлауды көремін. Осы сайлау біздің елімізді түбегейлі өзгертуге мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Өзгерістер туралы көп айтамыз. Бірақ сол өзгерістер болу үшін бізге сенім пайда болу керек. Ал сенім пайда болуы үшін нақты істер керек. Халқымыз әр түрлі бос ұрандардан, әр түрлі әдемі жоспарлардан, әр түрлі әдемі слайдтардан шаршады. Нақты іспен дәлелдеу керек», — деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...