-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Ауыл балаларының НЗМ-ға түсуі үшін квота енгізуге қарсы болғандар бар

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова ауыл мектептерінде оқитын балалардың Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсуіне бөлек конкурс немесе квота енгізу қажет деп санайды.

Тағы үлкен мәселе – ауыл балаларының Назарбаев зияткерлік мектептеріне түспеуі. Әлеуметтік аз қамсыздандырылған көптеген ата-ананы білемін. Бәрі өзінің тапқан-таянғанын қанша қаражаты бар, барлығын қаладағы репетиторлық орталыққа беріп, балаларын оқуға түсіреді. Оны үлкен дайындықпен өткізеді. Ауылдық жерлерде ондай мүмкіндік жоқ. Сәйкесінше, НЗМ-ға ауылдық жерлердегі балалардың оқуға түсуіне арналған бөлек конкурстық іріктеу және квота қарастыру қажет. Былтыр Асхат Аймағамбетов екеуміз дарынды балаларға арналған ауылдық жерлердегі және әлеуметтік осал топтағы балалар квотасын (15%) енгізуді ұсынғанбыз. Асхат Қанатұлы оны қолдады. Көптеген дарынды балалрды оқытуға арналған мектептерге осы квота енді. Бірақ зияткерлік мектептердің дербес мәртебесіне байланысты бұл квота енбеді. Қоғамда бұл көп талқыланды. Дұрыс емес деп айтқан пікірлер де болды. Мен де ауыл мектебінің түлегімін. Біздің кезімізде ауыл мектептері мықты болды. Бүгінгі таңда ауыл мектептерін дамытуға күш салып жатырмыз. Алайда ауылда туып-өскен көпбалалы, жалғызбасты ата-аналар, әлеуметтік осал топтағы балаларға НЗМ-ға түсудің әлеуметтік лифт механизмін қоғам болып жасауымыз керек, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...