13.06.2024

Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасында 7 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар APhO физикадан Азия олимпиадасында жеті марапат жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты.

Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.

Жеңімпаздардың есімдері: 

Күміс медаль — Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль — Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль — Досжан Бисимби, Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

Қола медаль — Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы; Қола медаль — Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Қола медаль — Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Грамота — Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

Құрама команда жетекшілері: Самат Мақсұтов — PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА