-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Білім бөлімінің лауазымды қызметкері «пара алды» деген күдікке ілінді

Шымкент қаласы білім бөлімінің лауазымды қызметкері «пара алды» деген күдікке ілінді. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет 800 мың теңге көлемінде пара алғандығы анықталған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындады. «Ш.А.» қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады» делінген ақпаратта.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...