13.06.2024

Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанның астанасында жарияланады

Қазақстанда биология пәнінен халықаралық IBO-2024 олимпиадасына дайындық жүріп жатыр. Олимпиадаға әлемнің 81 елінен 300-ден астам оқушы және 500-ден астам ғылыми жетекші мен қонақтар келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. IBO-2024 биылғы жылдың 7-14 шілдесі аралығында Назарбаев университеті базасында теориялық және 4 практикалық тур (биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, жануарлар анатомиясы және физиологиясы) бойынша өткізіледі. Қазақстандық жас ғалымдар мен өткен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан тұратын IBO-2024 ғылыми комитеті практикалық және теориялық турларға тапсырмалар әзірлеп, осы жылдың наурыз айында стресс-тест жүргізді.
«Биологиядан халықаралық олимпиаданы жоғары деңгейде өткізу мақсатында Қзақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен қаулысы қабылданды. Әлемнің 81 елінен келген оқушылар елорданың мәдени орындарын аралайды және Қазақстанның інжу-маржаны – Бурабайға барады. Сондай-ақ команда жетекшілері кәсіби тәжірибе алмасуға, олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге арналған семинарлар мен конференцияларға қатыса алады», – дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Анықтама үшін: Биология пәнінен халықаралық олимпиада (IBO) – әлем елдерінің жоғары сынып оқушылары арасындағы ең ауқымды жарыс. Қазақстандық оқушылар ғылыми жарысқа 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль және 14 Құрмет грамотасын жеңіп алды, бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазақстанның осындай беделді іс-шараны өткізу орны ретінде таңдалуы да сондықтан.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА