03.05.2024

Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындық ойлап тапты

Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындықтар ұсынуда.

Өрікбай Саят — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Ол жас болса да білім алушылар мен оқытушылардың жағдайын жеңілдететін жоба авторы. Саяттың бұл жобасы бүгінде университет ғимаратының алдында студенттерге қызмет етуде.

Менің жобам студенттерге таза ауада емін-еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жобаны әзірлеуге 1 жыл уақытымды арнадым. Ең алдымен темір каркас пен ағаштан орындығымыздың дизайнын жасап, Алматы қаласынан күн сәулелерін қабылдайтын қуаттағыш, порт секілді бөлшектерді алдырттық, — деді ол.

 

Жас ғалым бүгінде оның жобасына қаладағы мектептер мен оқу орындары қызығушылық танытып, ұсыныс жасап жатқанын айтады.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА