27.07.2024

БҚО-да 9 мектепте 3700-ден астам оқушы онлайн білім алып жатыр

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданында – 3, Теректіде 6 мектеп қашықтан оқыту арқылы жұмыс жасауда.

«Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының 104 баласы аудан орталығындағы Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясында дәстүрлі оқыту форматында оқуда», – деп хабарлады ведомстводан.

Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының директоры Мираш Өтеғалиева Аққозы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінен 104 оқушының өзі жетекшілік ететін білім ордасы базасында оқытылып жатқанын жеткізді.

оқушылар
Фото: Қаратөбе мектеп-гимназиясы

«Мектеп алды даярлық сыныбы (9 оқушы), 1-4 сынып (43 шәкірт) және 10-11 сыныптар (13), барлығы 7 сынып жиынтығына оқу жоспарының бөлек болуына байланысты Аққозы мектебі мұғалімдері сабақ беруде. Ал 5-9 сыныптағы (48 оқушы) 5 сынып жиынтығында сабақ Қаратөбе мектеп-гимназиясының сыныптарымен бірге жүргізілуде. Барлық сынып бір ауысымда білім алады. Қоржын ауылынан келген оқушылар мен ата-аналары мектеп жанындағы «Дарын мектеп интернатында жатып, асханадан төрт мезгіл тамақтануда. Жалпы, интернатта 182 тұрғын орналасқан. Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мектебімізге келіп, эвакуацияланған тұрғындармен кездескені үлкен қуаныш әрі демеу болды», – деді Kazinform тілшісіне Мираш Өтеғалиева.

Ата-аналардың айтуынша, Теректі ауданы Подстепный ауылындағы барлық мектепте сабақ онлайн оқытылуда.

оқушы
Фото: Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Подстепный жалпы білім беретін қазақ мектебінің директоры Марат Сыховтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 1 106 шәкіртке 100-ге жуық мұғалім онлайн дәріс беруде.

«Біздің мектеп 2008 жылы пайдалануға берілген, 16 жыл болды. Ойыстау жерге салынғандықтан, судың бәрі мектептің үстімен өтті. Биіктігі метрдей су басты. Ғимаратты ТЖ қайығымен келіп қарап жүрдік. Қазіргі кезде су сору жұмыстары жүргізілуде, бүгін кешке аяқтаймыз ба деп отырмыз. Кеуіп жатса, дүйсенбіде оффлайн оқытуды бастағымыз келеді. Бірақ үйлерін су басқан оқушылар жан-жақта, қалаға кеткендері бар. Сондықтан жартысын онлайн оқытатын шығармыз», – деді Марат Төлеуұлы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА