20.05.2024

“Болашақ” стипендиясының 2024 жылғы байқауы қашан өтеді?

Қазақстандықтар биыл әлемнің 273 университетінде білім ала алады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл “Болашақ” стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және байқауды өткізу мерзімдерін белгіледі.

Оған сәйкес:

  • құжаттарды қабылдау мерзімі – 2024 жылғы 29 сәуір мен 25 қазан аралығы;
  • байқауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 20 мамыр мен 30 қараша аралығы болатыны жазылған.

Министрдің бұйрығына орай, 2024-2026 жылдарға “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі де бекітіледі.

Биыл “Болашақ” стипендиясының иегерлері әлемнің 273 жоғары оқу орнында академиялық білім ала алатын болса, сонымен қатар, 69 шетелдік ұйымда тіл курстарына қатыса алады.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 11 сәуірге дейін.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА