27.04.2024

QAZBILIM мұғалімге пәтер сыйлады

Кеше Алматы қаласында QAZBILIM жобаларының 10 жылдығына орай өтетін «Ұлттық білім кеңістігін дамытуға бір қадам» атты іс-шара өтті.

Аталмыш шарада “QAZBILIM GROUP” компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы Qazbilim ұлттық лицейі мұғалімдеріне грамоталар мен төсбелгілер табыстады.

Оның айтуынша бұл марапаттар 10 жыл ішінде Qazbilim ақпараттық агенттігі, Республикалық Qazbilim орталығы, Qazbilim баспасы, Qazbilim ұлттық білім беру қоры, Qazbilim ұлттық лицейі, Qazbilim online қатарлы алты бағыттағы QAZBILIM жобаларының дамуына қосқан үлестері үшін үздік деп танылған мамандарға берілген.

Әрине, жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек. Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін ақшалай сыйақылар немесе грамоталар мен төсбелгілер болуы мүмкін. Тіпті жұмыстың сапалы орындалғаны үшін басшылық тарапынан айтылатын алғыстың өзі үлкен мотивация береді. Осы ретте көтермелеу жүйесінің маңызы зор екені белгілі.

Кеше жиналған жұрт пен әлеуметтік желідегі пікірлрге қарасақ бұдан бұрын да талай мекемелердің қызметкерлерін марапаттап, алғыс хаттар тапыстап жатқанын көрсек те, мұғаліміне пәтер сыйлаған жалғыз әрі тұңғыш мекеме “QAZBILIM GROUP” компаниясы екеніне көзіміз жеткендей.

Сөзіміздің дәлелі кеше “QAZBILIM GROUP” компания, Qazbilim жобаларының 10 жылдығы аясында Qazbilim Atyrau ұлттық лицейінің математика пәнінің мұғалімі Руслан Торехановқа бір бөлмелі пәтер сыйлағаны болып отыр.

Сонымен қатар 37 мұғалімге ақшалай сыйақылар мен арнайы төсбелгілер табысталды.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА