27.04.2024

Алматыда QAZBILIM жобаларына 10 жыл толуына орай білім той өтті

Кеше Алматыда QAZBILIM жобаларына 10 жыл толуына байланысты білім той өтті.
Алматы қаласындағы Qazbilim ұлттық лицейі ғимаратында «Ұлттық мектеп моделі: тәрбиеден білімге» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция отырысы болды. Конференцияға педагогтер, ата-аналар және білім беру саласындағы сарапшылар, және білім беру саласындағы қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан “Педагогикалық Ғылымдар Академиясы” қоғамдық бірлестігі президенті Асқарбек Қабыкенұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Самал Дәрібайұлы, Ұлытау облысы білім басқармасы басшысы Сафура Сейдуалиқызы,
Астана қ. Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM мектеп-лицейі директоры Құралай Амангелдіқызы, PhD, әдебиеттанушы Бекарыс Нұриман, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқын Сәленұлы, “QAZBILIM GROUP” компаниясының басқарма төрағасы, PhD химик Аятжан Ахметжан қатарлы білім жанашырлары баяндама жасап сөз сөйледі.

Ұлттық мектептегі тәрбие және балаларды оқыту, ұлттық дәстүрлер негізінде білім беруді дамыту, балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, білім беру сапасын бақылау және арттыру мәселелері талқыланған конференция аяғы алатау дәстүрлі өнер театрында жалғасын тауып. Әр қаладан келген Qazbilim ұлттық лицейі оқушыларының дайындаған «QAZBILIM басқан он қадам» мерекелік концерт бағдарламасымен жалғасты.


Концерт ортасында “QAZBILIM GROUP” компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы Qazbilim ұлттық лицейі мұғалімдерінің мәртебесін арттыру, олардын касіби біліктілігі мен кәсіби өсуін қолдау және көтермелеу мақсатында қырыққа жуық ұстаздарға ақшалай сыйлықтар мен қатар Qazbilim жобаларына 10 жылдық медальмен марапаттады.
Айтулы шараға ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса да қытысып елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қан­­шалықты маңызды рөл атқа­ратындығын тілге тиек етіп Аятжан Ахметжанұлына алтын медаль тақты. Сонмен қатар, Qazbilim жобаларының 10 жылдығының үздік ұстазы Qazbilim Atyrau ұлттық лицейінің математика пәнінің мұғалімі Руслан Торехановқа “QAZBILIM GROUP” компания ұсынған бір бөлмелі пәтердің серфикатын табыстады.

Соңында жиналған қауымға ауыз ашар беріліп, мерекелік дастархан жайылды.


QAZBILIM жобалары алғаш рет 2014 жыл 24 наурызда www.kazbilim.kz Ақпараттық-танымдық сайты ретінде жұмысын бастады.

2016 жылы 8 ақпанда білім беру бағытын іске қосып, Астанада республикалық «KAZBILIM» орталығының алғашқы бөлімшесі ашылды. Сапалы қолжетімді қосымша білім беру бағытында жұмыс істей бастады.

2017 жылы қаңтарда жобаның тағы бір бағыты KAZBILIM баспасы іске қосылды да, Алғашқы оқу әдістемелік құралдары жарық көрді. Басты мақсат-қазақ тіліндегі оқу әдістемелік құралдардың аясын кеңейту.

2018 жылы тамызда республикалық «KAZBILIM» орталығы өзге қалалардан филиалын аша бастады.

2018 жылғы 25 тамыз Ребрендинг жасап «kazbilim» атауы «Qazbilim» болып өзгерді. www.qazbilim.kz порталы жұмыс бастады.

2020 жылы наурызда жобаның тағы бір бағыты Android, IOS платформаларында «Qazbilim online» жобасы іске қосылды.

Жобаны жан жақты дамыту мақсатында 2021 жылы Qazbilim ғылым-білімді дамыту қоры ашылды. Қор өз жұмысын қазақ тіліндегі сапалы оқу әдістемелік құралдарын қолдауға, басып шығарып таратуға, ұлттық мектеп жобасын дамытуға күш салып келеді.

2022 жылы мамыр айында жоба жаңа деңгейге көтеріліп, бүгінгі ең үлкен бағытының бірі  Qazbilim ұлттық лицейлер желісінің жұмысын бастады. Алғаш болып сол жылы тамызда Атырау, Ақтау, Қостанай қалаларында ұлттық лицей оқыту ісіне кірісті.

Бұл бағыт 2023 жылы тамызда Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент қалаларында Qazbilim ұлттық лицейі оқушы қабылдады.

2024 жылы QAZBILIM жобаларына 10 жыл! QAZBILIM жобалары бүгінде

  • Qazbilim ақпараттық агенттігі
  • Республикалық Qazbilim орталығы
  • Qazbilim баспасы
  • Qazbilim ұлттық білім беру қоры
  • Qazbilim ұлттық лицейі
  • Qazbilim online

Алты бағытта жұмыс істейтін QAZBILIM GROUP компаниясы болып қалыптасты.

Бүгінде Qazbilim жобаларында 420-дан аса қызметкер еңбек етіп, 2500-ден аса оқушы сапалы білім алады. 220 дан аса қазақ тіліндегі оқу әдістемелік құралын шығарды.

Qazbilim жобаларының негізін қалаушы, жетекшісі PhD химия, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, шебер педагог Аятжан Ахметжанұлы,

QAZBILIM жобаларының 10 жылдық белесі құтты болсын!

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА