-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Министрі мектептегі сапасыз интернеттің себебін айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кейбір мектептегі сапасыз интернеттің себебін айтты.

Мектептердегі интернет мәселесіне қатысты жағдай белгілі. Егер кез келген ұйым интернетке нарықтық бағамен төлеуге дайын болса, бұл ретте жылдамдығы жоғары интернет тартылады. Атап айтқанда, тиісті ұйым немесе заңды тұлға жоғары тариф төлесе, онда операторлар оларға қызмет көрсетуге дайын екені анық, -деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол мектептердегі жылдамдығы нашар интернет мәселесіне тоқталды.

Мектептердегі жағдайға тоқталсақ, жақында Үкімет отырысында осы мәселені талқылап, әкімдіктерге нақты тапсырма бердік. Интернет бойынша бюджетті мектептерге арнап есептегенде, стандарт бойынша 20 Мбит-ке жетеді. Ал директор қаражат үнемдеп, секундына 8 Мбит үшін төлейді. Осы орайда, операторлар оған 8 Мбит ауқымында қызмет көрсетеді. Екіншіден, мектеп ішіндегі интернет желісі тиісті деңгейде тартылмаған, яғни оператор модемді тек бір компьютерге орнатады. Бұл тұрғыда негізінен бухгалтер мен директордың кабинетіне қойылады да, бүкіл мектеп аумағында интернет қамтамасыз етілмейді, -деді министр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...