03.05.2024

Отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуы мүмкін бе?

Оқу-ағарту министрлігі желіде таралған отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпаратты жоққа шығарды.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген екі заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алып қоюына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпарат таратылуда. Отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілістегі басқа да заң жобаларында балаларды отбасылардан тартып алынуына қатысты бірде-бір норма жоқ. Мемлекеттік саясат: баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге және балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ министрлік мемлекет үнемі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шаралар қабылдап келе жатқанын алға тартты.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, құрылған психологиялық және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмектер көрсетілуде.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің міндеті — әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыру болып саналады. Естеріңізге сала кетейік, баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде оның құқықтарын қорғау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және нақты қауіп туындаған кезде ғана жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда ҚР “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 82-бабының аясында уәкілетті органдар (қорғаншылық және қамқоршылық органдары) баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде баланы балалар ұйымына, яғни балаларды қолдау орталығына уақытша жіберу туралы шаралар қолдануға құқылы. Құрметті ата-аналар! Сіздерден ақпаратты тек расталған, ресми көздерден алуды сұраймыз, — деді министрлік.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА