03.05.2024

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып Әсет Ғарифуллейұлы Мұханбетов тағайындалды.
Әсет Мұханбетов 1988 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
▫️ 2010 жылы М. Тынышбаев ат. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.
▫️ Еңбек жолын 2007 жылы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінде Арнайы пәндер оқытушысы болып бастаған.
▫️ 2014-2015 жылдары-Алматы теміржол колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
▫️ 2015-2017 жылдары-Алматы теміржол колледжі директорының оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары.
▫️ 2017-2021 жылдары-Алматы қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
▫️ 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» МКК директоры қызметтерін атқарды.
-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА