23.05.2024

Сенатор мектеп психологтарының заңды мәртебесін көтеруді ұсынды

Қазақстанда психологиялық көмек көрсету жүйесі нашар дамыған. Сондықтан проблемалар уақтылы анықталмайды және жастарға психологиялық көмек тиісті деңгейде көрсетілмейді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев осы мәселені көтерді.

Сенатордың пікірінше, балалардың психологиялық жағдайы мен мінез-құлқындағы алғашқы проблемалар мектепке дейін және мектеп жасында анықталады.

Бұл ретте педагог-психологтардың оқушыларға жеке дара қолдау жасауға қол жеткізу мүмкіндігі және оның сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Алайда, бұл салада бірқатар проблема бар.

«Орта есеппен 1,5 мың бала оқитын мектепте – 60, ал 4500 және одан да көп оқушылары бар білім ошақтарында – 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2000 оқушыға және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қызмет көрсетіп жатыр. Психологтың үлкен жүктемесі болуына байланысты нақты мұқтаж адамға көмек берілмей жатады», – деді Ғ. Сарыбаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

Сенатор мәселені шешу үшін мектеп психологтарының саны жөніндегі нормативті есептеуді қайта қарауды және оған сынып санына түзетулер енгізуді ұсынады.

«Ресми түрде 1987 жылы психолог штаты мектептерге енгізілгенімен, олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбекақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде айқындалған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру қажет», – деді депутат.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА