-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді.

Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына министр Саясат Нұрбек қатысып, ведомствоның алдағы жоспарларына тоқталды.

«Жаңадан құрылған министрліктің алдына Мемлекет басшысы үлкен міндеттер қойып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді өздеріңіздің талқылауларыңызға ұсынамыз. Себебі Қоғамдық кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. Құзыреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз», – деді министр.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің 17 мүшесінің 11-і офлайн, 6-уы онлайн қатысты. Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.

Министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олардың төрағалары сайланды.

1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми кеңесшісі Жасұлан Шаймарданов;

2. Бюджет мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова;

3. Ғылым мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Күнсұлу Закария;

4. Жоғары білім мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып азаматтық қоғам өкілі Амантай Нұрмағамбетов;

5. Тіл саясаты мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова сайланды.

Жиын соңында 3 жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекітілді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...