-22 C
Нур-Султан
28.11.2022

Мұғалімдерден он күнде 600-ден астам өтініш-арыз түсті – министрлік

10 күн бұрын ғана құрылған «Педагогті қорғау» Telegram-чатына 600-ден астам сұрақ пен өтініш түсті. Бұл турпалы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Чат құрылған 10 күнде оған 25 мыңнан астам адам қосылған.

«Осы уақыт ішінде мұғалімдерден 600-ден астам сұрақ пен өтініш түсті. Сұрақтардың басым бөлігі мұғалімдер құқығының бұзылуына қатысты. Атап айтқанда, оларды міндетінен тыс жұмыстарға тарту, артық есеп талап ету. Сондай-ақ мұғалімдердің аттестациясына, санат беру, оқу жүктемесін бөлу және тағы басқасына қатысты сұрақтар түсіп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Мәлім етілгендей, Telegram-чатқа түскен барлық ақпарат тексеріледі.

«Мамандарымыз жедел түрде кері байланыс жасап, мұғалімдердің әрбір өтінішіне жауап береді және қажет болған жағдайда тиісті шара қабылдайды. Мұғалімдердің сұрақтары мен өтініштеріне дер кезінде жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өткім келеді. Оның құрамына комитеттің, білім саласында сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттерінің және облыстық білім басқармаларының өкілдері бар. Telegram-чат мұғалімдер құқығын бұзу фактілерін барынша азайтуға көмектесетініне сенеміз», — деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Комитет чатты жақсарту және одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұғалімдердің сұрақтарына жауап беруден басқа, чатта мұғалімдер үшін пайдалы ақпарат жарияланады. Мысалы, жалақы калькуляторы, мұғалімдердің қызметіне байланысты заңдар мен нормативтер, жиі кездесетін жағдайларды шешу жағдайларының мысалдары.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...