Home Жаңалық Министр мектептерде «құлыпсыз» кітапхана ашуды тапсырды

Министр мектептерде «құлыпсыз» кітапхана ашуды тапсырды

0
Министр мектептерде «құлыпсыз» кітапхана ашуды тапсырды

Гаждеттер заманын кітап заманына айналдыру үшін мектептердің базасында «құлыпсыз» кітапханалар ашылуы керек. Бұл әсіресе үйінде сабақ оқуға жағдайы жоқ балалр үшін таптырмас көмек.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында өңірлерге осындай тапсырма берді.

«Балалар кітап оқысын десек, әр мектепте оларға қызықты, заманауи, дүниежүзі оқитын көркем әдебиет, әсіресе, қазақ тілінде қолжетімді болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізе алмай отырып, қайдағы тәрбие жұмысы, қайдағы білім беру сапасы туралы айтасыздар? Әр түрлі шармен іс-шара өткізгеннен үлкен нәтиже болмайды. Осыны қашан түсінесіздер? Тәрбие жұмысы деген – осы кітапқа баулу, дұрыс тәбиелік маңызы бар көркем әдебиетті ұсыну. Осы арқылы нақты тәрбие жұмысы жүргізіледі. Балалардың көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін сапалы кітап ұсынып, тиісті жағдай жасауымыз керек. Бірақ сіздер бұл жұмысты істей алмай отырсыздар», – деді ведомство басшысы.

Жиында Қызылорда облысының мектептерді көркем әдебиетпен қамтуға екінші жыл қатарынан мардымды қаражат бөлмей отырғаны айтылған болатын.

«Бұл тақырып күн тәртібінен түспейді. Балалар кітап оқуы керек. Қазір гаджеттер заманы. Әр түрлі интернет, басқа да тәуекелдер көп. Осы гаджеттер заманын біз кітап заманына айналдыруымыз керек. Гаджеттер арқылы оқыса да, қағаз күйінде оқыса да, әйтеуір кітап оқуы керек. Ол оны жай мантра сияқты «кітап оқу керек» деп ұрандата бермей, нақты іс-шаралар арқылы ұйымдастыру керек. Кітап болмаса, несін оқиды? Бәрінің кітапты үйіне сатып алатындай мүмкіндігі бола бермейді. Сол үшін мектептегі кітапханалар тиісті форматқа ауыстырылуы керек. Кітапхана жабық тұрмауы керек. Таңертең келіп ашып, кешке жабатын жұмыс тәсілі өзгеруі керек. Ашық реакрацияларда, буккроссингі бар, басқасы бар, кітаптарды қолжетімді етіп, ашық қойып, қосымша кітапханалар ашуды да тапсырамын. Өйткені кейбір балалардың үйінде кітап оқымақ түгіл, күнделікті сабақ оқуға қажетті жағдай жоқ. Сонда ол балалар мектепке келіп, сөреден кітапты еркін алып, қолайлы жағдайда үй жұмысын істеп, өзін қауіпсіз ортада сезінсе, ол да білім беру сапасына септігін тигізеді. Сондықтан барлық білім беру ұйымдарында кілтке жабылмайтын, жаңа форматтағы, реакрациялық кітапханалар ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл біраз мемлекеттердің тәжірибесінде бар мәселе. Кітапханалар мен оқу залдары өз алдына бөлек. Оны ешкім жауып таста деп жатқан жоқ. Бірақ қосымша, ашық форматтағы мүмкіндіктер болу қажет. Мұны да біз қадағалап, бақылауда ұстаймыз. Қажет десеңіздер, бұл шара «Оқуға құштар» жобасының бір бөлігі», – деді Асхат Аймағамбетов.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here