-22 C
Нур-Султан
29.11.2022

64 педагог миллионер атанды

Елордада «Үздік педагог-2022» республикалық байқауында жеңімпаз атанған 64 мұғалім марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті. Жеңімпаз атанған әр ұстазға 3 млн теңгенің сертификаты берілді. Жалпы, осы мақсатқа 190 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Бүгін жыл сайын өтетін «Үздік педагог-2022» байқауының қорытындысын шығардық. Бұл педагогтеріміз үшін өте маңызды оқиға. Себебі, бұл оларды әріптестерінің де мойындауы саналады. Биыл байқаудың бірқатар ерекшелігі болды. Біріншіден, бұрын конкурсқа қатысушы туралы шешімді мектеп директоры қабылдайтын. Яғни, мектеп кандидатты ұсынып, одан кейін білім беру бөлімдері деңгейінде іріктеу өтетін. Ендігі уақытта әр педагог өз кандидатурасын ұсына алады. Екіншіден, әріптестеріміз өтінімдерінің қандай кезеңде тұрғанын, қанша балл алғанын қадағалау мүмкіндігін алып отыр», — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның дерегінше, биыл байқауға 5,5 мың педагог өтінім берген.

«Әріптестеріміздің барлығы республикалық кезеңге өткенімен олардың ішінен ең үздік 120 педагог іріктеп алынды. Олар елордаға келіп, өздерінің ашық сабақтарын көрсетті. Соның қорытындысында жетекші әдіскерлеріміз ең үздіктерге дауыс берді. Олар – 64 педагог», — деді министр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...