-14 C
Нур-Султан
01.12.2022

Оқушылар қандай жағдайда сыныпты келесі жылы қайта оқиды? Министрлік түсіндірмесі

Ата-ана өтініші болмаса, 1-сынып оқушысын келесі оқу жылына қайта қалдыруға рұқсат жоқ.

Ашық НҚА порталында мектеп оқушыларының үлгерімін бағалауға арналған қағидалар жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды.

Жобада оқушыларды қандай жағдайда келесі оқу жылында сыныпты қайта оқу үшін қалдыруға болатыны жазылған.

1-сынып оқушылары. Оқушының ата-анасының не заңды өкілінің өтініші және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық топтың ұсынысы болмаса, баланы келесі сыныпқа қалдыруға рұқсат етілмейді. Аталған өтініш пен ұсыныс түссе, шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды.

2-11 (12) сынып оқушылары. Оқу жылының қорытындысы бойынша мүлде «2» деген баға алмаған оқушылар ғана бірден келесі сыныпқа көшіріледі. Үш не одан көп пәннен «2» деген баға алған оқушы келесі жылға қалады да, ал екілік бағасы үшеуден кем болса, оқушыға тағы бір мүмкіндік беріліп, ол қосымша жиынтық бағалау емтиханын тапсырады.

Жиынтық бағалау жаз уақытында, яғни келесі оқу жылына дейін өткізіледі. Егер оқушы бұл сынақтан да «2» деген баға алса, онда оқуды өз сыныптастарымен бірге жалғастыра алмайды.

Айта кетейік, ереже бойынша тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат жоқ.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...