29.05.2024

Министрлік мұғалімдерден шағым қабылдайтын «Педагогті қорғау» телеграм чатын іске қосады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерден шағым қабылдайтын«Педагогті қорғау» телеграм чатын іске қосады. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов ведомствоның аппарат кеңесінде айтты.

«Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті келесі ұсыныстарды дайындады. Біріншісі. Комитет білім беру ұйымдарындағы барлық бақылау іс-шаралары шеңберінде педагогтерден артық есептілікті талап ету фактілерін қатаң тексеретін болады. Мемлекеттік аттестация барысында, профилактикалық бақылау кезінде, жоспардан тыс бақылау барысында біз осы мәселеге терең тоқталамыз. Екінші. Қараша-желтоқсан айларында облыстық білім басқармалары мен аудандық, қалалық білім бөлімдері ҰБДҚ-да бар ақпаратты мектептерден сұрату қызметіне мониторинг жүргізеді. Барлық аудандық және қалалық білім беру бөлімдері қамтылады. Қағазбастылықтың артуы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, олардың ішіндегі әдістемелік кабинеттердің ҰБДҚ базасын дұрыс пайдаланбау себебінен деп білеміз. Сонымен қатар кейжағдайларда мектептердің ҰБДҚ-ның ұқыптап, толық және нақты толырмауынан да олардан қосымша ақпарат сұралады», – деген комитет басшысы пелагогтерден шағым қабылдаудың жаңа арнасы іске қосылатынын мәлім етті.

«Үшінші. Әр педагогтің құқығын қорғау үшін арыздар мен шағымдарды қабылдайтын қосымша –«Педагогті қорғау» телеграм чаты өз қызметін бастайды. Ол чатқа келіп түскен әр ақпарат, әрбір өтініш тікелей біздің комитет пен аумақтық департаменттердің бақылауында болады. Әрбір өтіні бойнышакері байланыс беріп отырамыз. Төртінші. Аталған мәселе бойынша өңірлердегі жағдайды обьективті бағалау үшін мұғалімдер арасында анонимді-электрондық сауалнама жүргіземіз», – деді Ернұр Дауенов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА