26.05.2024

Елордада 26 мыңнан аса оқушы мектеп тапшылығының зардабын тартып отыр

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Астанадағы мектеп тапшылығы мәселесін көтерді.
«Елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектепке бардым. Мұнда 1 300-ден астам бала оқиды. Мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысымен танысып, оқу кабинеттерін араладым, кітапханада оқушылармен және кітапханашымен әңгімелестім. Сондай-ақ әріптестеріммен жұмыс мәселелерін талқыладық. Астанадағы білім басқармасының мектептерде оқушылар сарайының филиалдары мен басқа да қосымша білім беру ұйымдарын ашу бойынша оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мысалы, бұл мектепте авиамодельдеу, бокс, волейбол және басқа үйірмелер жұмыс істейді»,-деп жазды министр Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектеп салу жоспарланып отырған бірнеше орынға барған.

Бұл – Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі (әрқайсысы 2 000 оқушы орны), Төле би көшесіндегі (2 000 оқушы орны) және Байтұрсынов, 7 мекенжайындағы (600 оқушы орны) мектептер.

Оның айтуынша, қазір қалада оқушы орнының тапшылығы 26 мыңнан асады.

Бұл мәселені шешу үшін 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде екі ауысымда 85 мыңнан астам оқушы орнын қамтамасыз ететін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Басым көпшілігі 2024 жылы салынып бітеді.

«Ұлттық жобаны іске асыруға жетекшілік ететін Астана әкімдігінің өкілдері жер учаскелерін бөлу, ЖСҚ дайындау, инженерлік инфрақұрылым және т.б. мәселелерді шешіп жатқанын атап кеткім келеді. Болашақта елордада білім беру объектілерін салу үшін 102 жер учаскесін бөлу жөніндегі шешім де уақытылы қабылданды. Президенттің жаңа ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында алдағы уақытта үшауысымды оқыту мәселесі ғана емес, оқушы орындарының тапшылығы да толық шешіледі»,-деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА