12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Павлодар облысындағы ауданда 6 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді

Павлодар облысының Успен ауданындағы 6 мектепке Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мәншүк Мәметова есімдері берілді.

Білім беру орындарының атаулары «Ұлы дала есімдері» жобасы аясында өзгертілген.

Успен ауданы білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Жиренованың айтуынша, аталған жоба аясында ономастика бөліміне бірнеше рет өтініш түскен. Дегенмен қолдау таппаған.
«Себебі мектептер әкімдікке, білім беру бөлімдеріне де бағынысты болмады. Ал 2021 жылы білім беру бөлімінің қарамағына өткен. 14 мектептің атауын ауыстыруға өтінін ұсынылды, нәтижесінде алты мектеп бойынша мақұлданды», — дейді Айнагүл Жиренова.

Атап айтқанда, № 1 Успен жалпы орта білім беру мектебіне қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог Ахмет Байтұрсынұлының, № 2 Успен жалпы орта білім беру мектебіне алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың есімдері берілді.
Сондай-ақ № 3 Успен жалпы орта білім беру мектебі – Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Галицк жалпы орта білім беру мектебі – жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі болып өзгертілді.
Ольгин жалпы орта білім беру мектебі қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімімен, Лозов жалпы орта білім беру мектебі әйгілі актер, режиссер Шәкен Аймановтың атымен аталатын болды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...