20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Қазақстанда мамандандырылған мектептер саны 134-ке жетті

Қазақстанда мамандандырылған мектептердің саны 134-ке жетті. Оқу жылының басынан бері бұл мектептерде 72 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Дарынды балалармен 8 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.

Мамандандырылған мектептер еліміздің барлық аймағында ашылған. Емтихандардан сүрінбей өткен балалар бұл білім ордаларында тегін білім ала алады. Сонымен қатар биыл Балалар жылында алғаш рет әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға ерекше мүмкіндіктер жасалды.

«Министрлік дарынды балаларды қолдау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі күні 134 мамандандырылған мектеп жұмыс істейді. Дарынды балалар республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мысалы, былтыр 420-дан астам оқушы республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Олардың ұстаздары да жақсы үлгі көрсетіп, «Үздік педагог», «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Дарынды балалардың талантты мұғалімі» сынды байқауларға қатысып жүр», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.

134 мектептің 94-і жаратылыстану-математика бағытында, 6 мектеп қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 8-і көпсалалы, 5-еуі әскери спорт, 6-уы музыкалық-эстетикалық бағытта жұмыс істейді. Тағы 15 мектепке Абай Құнанбаев есімі берілген. 95 мектепте интернат үйлері бар.

Мамандандырылған мектептердегі оқу үрдісі ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттармен біріктіру арқылы жасалған. Әрбір оқушы жеке оқу жоспары бойынша оқиды. Мұндай тәсіл балалардың әлеуетін барынша ашуға және олардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мамандандырылған мектептерге оқушыларды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Комиссия іріктеу кезінде математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығын, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу деңгейін бағалайды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...