-10 C
Нур-Султан
22.03.2023

Халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанған оқушылар 73 млн теңгеден астам сыйақы алды

Халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 оқушысы 73 млн теңгеден астам қаржы алды. Олардың ұстаз-тәлімгерлері де біржолғы ақшалай төлемдер алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық оқушылар олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет ақшалай сыйақыға ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды ынталандыру жөніндегі тапсырмасының арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады.

Оқушылар білімдерінің арқасында тапқан сыйақыны қалай жұмсауды жоспарлап отырғандарын айтты.

«Биыл осындай беделді олимпиадаға алғаш рет қатыстым. Оған көп дайындалдым. Әрине, Оқу-ағарту министрлігінің ел ішінде өткізген олимпиадаларының арқасында елімізді әлемдік аренада лайықты көрсетуге мүмкіндік алдым. Елімізді абыроймен таныта алғаныма қуаныштымын. Географиядан қатысқан олимпиадада жеңіске жеткенім үшін алған ақшамның бір бөлігін депозитке салуды жоспарлап отырмын.

Қалғанын ата-анама беремін. Мұндай ақшалай марапаттар бізге үлкен ынта-жігер, мотивация береді, келесі жылы бәсеке бұдан да жоғары болатынына сенімдімін. Алдағы жылы осы олимпиадаға тағы да қатысқым келеді», — деді географиядан халықаралық олимпиаданың (IGeO) алтын жүлдегері Санжар Хамитов.

Қалған жеңімпаздар да алған жүлделерін депозитке салып, ата-аналарына берді. Сонымен қатар сыйлықтар сатып алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Оқу-ағарту министрлігі халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына 1,5 млн-нан 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы тағайындаған болатын. Бұған дейін Оқу- ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай, биыл тізімге 7 олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 олимпиадамен толығады.

«2022 жылы ұлттық құрама ел қоржынына 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль әкелді»,-делінген министрліктің хабарламасында.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...