26.05.2024

Жоғары оқу орындары әскери борышын өтегендерге грант бөледі

Енді жоғары оқу орындары әскери борышын өтегендерге грант бөледі. Қорғаныс министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарымен осындай келісімге қол қойды.

Бұл туралы Алматыда қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде айтылды. Шараға Бас әскери прокурор Дастан Секенов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Кездесу әскери борышын өтегендерді тегін жоғары біліммен қамтамасыз ету бойынша Қорғаныс министрлігі мен еліміздің жоғары оқу орындарының бірлескен жобасы аясында өтті.

“Бүгін қорғаныс министрі елуден аса жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады”, – делінген хабарламада.

Елуден аса жоғары оқу орнының басшылары қол қойған келісімде ынтымақтастықтың бағыттары айқындалып, әскери борышын өтеген тұлғаларға жыл сайын тегін білім алуға бөлінетін орындардың саны айқындалған.

Келісімдер 2023 жылдан бастап күшіне енеді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА