-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Атыраулық мектеп түлегі әлемнің 15 университетінен оқуға шақырту алған

Атыраулық мектеп түлегі әлемнің 15 университетінен оқуға шақырту алған. Қазір ол АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Пейс университетінің нейрохирургия факультетінде оқиды.

Шетелдің үздік университеттері басшыларының қызғушылығын тудырған жас өрен Нұрсипат Нұрманбетова Атырау облысының Жылыой ауданында дүниеге келген. Құлсары қаласындағы Далабай Жазықбаев атындағы №16 жалпы орта мектепті үздік бітірген.

Оқушы кезінен зеректігімен танылған ол туралы «Ең үздік» журналында мақала жарияланған. «Дарындының дара жолы» кітабында өмірбаяндық деректері жазылған. БҰҰ-ның Model Congress халықаралық конференциясына қатысып, «ХХІ ғасыр үздігінің моделі» атанған.

Нұрсипат Нұрмағамбеоваға әлемнің ең үздік 15 университетінен оқуға шақырту түскен. Қазір АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Пейс университетінің нейрохирургия факультетінде білім алып жүр. Оған кампуста тегін тұруға арналған грант берілген. Сондай-ақ, 150 мың АҚШ доллары көлемінде стипендия тағайындалған.

«Әлеуметтік желілерде отандық медицина жиі сынға ұшырайды. Әрине, медицинада әлі де түйінді мәселелер бар. Білікті мамандар тапшылығы байқалады. Бірақ, бұл мәселенің бәрі шешімін табады деп ойлаймын. Отандық медицинаны дамыту үшін осы саланы таңдадым. Жақсы білім мен тәжірибе алу үшін шетелде оқуға шешім қабылдадым. Оқуымды бітірген соң елге ораламын. Болашақта жеке клиника ашып, дұрыс диагноз қоя алатын, сапалы ем жүргізе алатын білікті маман болғым келеді», -дейді Нұрсипат Нұрмабетова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...