12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Мектеп оқушылары Сенат жұмысымен танысты

Елордалық мектептердің 9, 10 және 11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына экскурсия жасады. Бұл туралы Сенаттың Баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатқа келген жас жеткіншектердің қатарында республикалық және халықаралық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары бар.

Экскурсияға қатысушылар сенаторлардың шетелдік әріптестерімен кездесулер өткізетін халықаралық кездесулер залын тамашалады және мұражаймен танысты. Оларға Қазақстан Республикасының қос палаталы кәсіби Парламентінің даму тарихы туралы жан-жақты айтып берілді.

Балаларға арналған экскурсияны Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев және Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай өткізді.

Нариман Төреғалиев жас жеткіншектерге сенаторлардың жұмысы, еліміздің барлық тұрғындарының өмір сүруіне арналған заңдар Палатада қалай талқыланатыны және қабылданатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ Сенатта жұмыс істейтін тұрақты алты комитеттің бағыт-бағдары түсіндірілді.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Сенаттың маңызды міндеттерінің бірі – жастардың рухани-адамгершілік дамуына қолдау білдіру, ұлттық құндылықтарды сақтау және ілгерілету болып табылады. Ол үшін Сенатта түрлі шаралар, оның ішінде парламенттік тыңдаулар өткізіліп келеді. Оның қорытындысы бойынша қоғамда, оның ішінде жастар арасында құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар Үкіметке жіберілді.

Соңында экскурсияға қатысушыларға естелік кәдесыйлар табыс етіліп, үздік оқуға тілектестік білдірілді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...