31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Дене шынықтыру пәнінің 1,6 мың мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтеді – министрлік

Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін 1 630 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Курстарды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырып отыр.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тегін курстар 3 қазанда басталып, 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Сабақтардың бірінші легі Астана қаласында, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталып кетті. Оларға 370 дене шынықтыру мұғалімі қатысып жатыр.

«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біз екінші жыл қатарынан арнайы әзірленген курстарды өткізіп жатырмыз. Былтыр бұл курстан 950 мұғалім өтті. Бүгінде еліміздің 5 өңірінде курстар басталды… Мұғалімдердің сұранысы негізінде оқыту екі тілде ұйымдастырылады. Ұстаздарымыздың кәсіби деңгейін арттыру – басты міндеттердің бірі», – деді Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Курстарды аяқтаған мұғалімдер тест тапсырып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттар алады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...