23.05.2024

Педагогтерге арналған тест құны қымбат па? – министрлік жауабы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық біліктілік тестілеудің 40 мың теңгені құрайтындығына қатысты сауалға жауап берді.

Ұлттық біліктілік тестілеудің толық курсы 40 мың теңгені құрайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу рәсіміне қойылатын талаптарды қайта қарауға қатысты сіздердің ұсыныстарыңыз назарға алынды», – делінген ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Шолпан Каринованың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тестілеу облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 43 өңірлік тестілеу орталықтарының базасында өткізіледі.

«Педагогтер үшін Ұлттық біліктілік тестілеу тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру үшін жыл сайын жаңа тест тапсырмаларын әзірлеу жоспарланған. Бұдан басқа, жыл сайын тест тапсырмаларына тексеру, түзету арқылы қосарланған сараптама, сондай-ақ оларды бейімдеу жүргізіледі», – деді ол.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА