27.07.2024

Жыл басынан елімізде 38 мектеп пайдалануға берілді

Жыл басынан Қазақстанда 31 мыңнан астам нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де нысандар бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы ауданы 12 316,3 мың м2 болатын 31 мыңнан астам нысан пайдалануға берілді.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 3 989,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% жоғары.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 83,8% – жеке құрылыс ұйымдары, 16,1% –шетелдік және 0,1% – мемлекеттік ұйымдар орындаған.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ең жоғары өсімі тіркелген өңірлер:

– Шымкент қаласы – 39,7%;

– Қызылорда облысы – 35,1%;

– Ақмола облысы – 26,9%;

– Алматы облысы – 14,5%;

Құрылыс жұмыстарының көлемі азайды:

– Қарағанды облысында – 10,7%;

– Абай облысында – 23%;

– Маңғыстау облысында – 34,7%

Пайдалануға берілген нысандардың 90,8 пайызы тұрғын үй секторына тиесілі, бұл 28 мыңнан астам тұрғын үй нысаны. Одан кейінгі орында магистральдық және жергілікті құбырлар, байланыс желілері, энергетика желілері, қосалқы нысандар тұр – 1169 нысан. Сауда нысандары үшінші орында, жыл басынан бері 513 объекті пайдалануға берілді.

Білім беру және денсаулық сақтау саласында биылғы тоғыз айда 38 жалпы білім беретін мектеп, 24 мектепке дейінгі ұйым, 3 аурухана, сондай-ақ 6 амбулаториялық емхана іске қосылды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА