-22 C
Нур-Султан
29.11.2022

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады.

«Балаларды қауіпсіз тасымалдау — біздің бақылауымыздағы маңызды сұрақтардың бірі және біз осы мәселені үнемі көтеріп келеміз. Биыл Балалар жылы аясында қауіпсіздік талаптарына сай келетін 515 жаңа автобус сатып алу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған», — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Ол автобустарды сатып алуға бөлінген қаржыны игеру жергілікті әкімдіктердің құзыретінде екендігін айтады. Қоғамдық көліктер елімізде құрастырылатын болғандықтан, қомақты тапсырыс отандық автоөндіріс саласын дамытуға да үлкен үлес қосатынына сенімді.

Сөзінше, ең бастысы балаларымызға қауіпсіз, жайлы автобустармен қатынауға жағдай жасаймыз.

«Жаңа автобустар Ақмола, Ақтөбе облыстары сияқты бірқатар өңірге жеткізіліп, таратылып жатыр. Біз еліміздің барлық аймағындағы мектеп автобустарын кезең-кезеңімен жаңартамыз. Бірінші кезекте проблема бар өңірлерді автобуспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мәселен, 515 автобустың 101-і Түркістан облысына жөнелтіледі», — деді комитет төрағасының орынбасары.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...